|   |   |   |  Футзалдан Астана біріншілігі. "Есіл" екі тур бұрын чемпион атанды

Футзалдан Астана біріншілігі. "Есіл" екі тур бұрын чемпион атанды

Футзалдан Астана біріншілігі. "Есіл" екі тур бұрын чемпион атанды
Кеден – Ярыш 7:7

Футзалдан Астана қаласы біріншілігінің аяқталуына екі-ақ тур қалды. Басты бәсекелесінен жеті ұпайға алыстап кеткен «Есіл» турнирдің аяқталуына екі тур қалғанда жеңісін рәсімдеп қойды. Оның үстіне, басты «қуғыншы» «Кеден» кеше күтпеген жерден қарсыласымен тең түсіп, "Есілдің" жолын ашып берді.

«Ярыштан» ешкім мұндай қарсылық күтпеген болатын. Жоқ, олардың әлеуетіне күмән келтіргеніміз емес. Бірақ, турнир кестесінде екінші орында келе жатқан «Кеденнің» қақпасына жеті гол соғу екінің бірінің қолынан келе бермейтін ерлік. Онда да фавориттер тек соңғы минуттарда ғана естерін жиып, таразы басын теңестіре алды. Қорытынды есеп – 7:7.

Турнир аутсайдері «Целиноградпен» кездескен «Достар» да қарсыласының қақпасына жеті доп соқты. Өкінішке қарай, Александр Черниковтің шәкірттері тек төрт-ақ голмен жауап қата алды. Ойын тізгінін бірден қолдарына алған «сары жейделілер» Алексей Ногай соққан екі голдың арқасында-ақ ойын тағдырын шешіп тастады да, қалған уақытты өз рахаттары үшін өткізді.

Өте тартысты ойын «Есіл» мен «Алан» арасында өтті. Бірі турнир көшбасшысы, екіншісі үздік үштіктегі жігіттер. «Есіл» 2:0 есебімен жеңгенімен матч өте ауыр болды. Футболшылардың жүйкелері сыр беріп, шекісіп қала берді. Тіпті, бас төреші әр команданың бір-бір ойыншысынан алаңнан қууға мәжбүр болды. Ойынды жеңіспен аяқтаған "Есіл" осылайша біріншіліктің аяқталуына екі тур қалғанда чемпион атанып қойды.

Енді алдағы жексенбіде біріншіліктің соңғы тур ойындары өтіп, қай команданың қай орындарға жайғасқандары толығымен анықталады.

Тізімге қайта оралу