|   |   |   |  Есілді ешкім тоқтата алар емес

Есілді ешкім тоқтата алар емес

Есілді ешкім тоқтата алар емес
Есілді ешкім тоқтата алар емес

Футзалдан Астана қаласының біріншілігі мәресіне тақап қалды. Енді келесі кездесуде жеңіске жететін болса, «Есіл» чемпиондыққа күні бұрын қол жеткізеді.

Жексенбі күні «Есіл» турнир аутсайдері «Целиноградпен» кездесті. Сары жейделілердің бір ғана голына ақ-қызыл форма киген «Есіл» ерлері тура соққымен жауап берді.

Одан кейін алаңға «Кеден» мен «Достар» командалары шықты. Айта кетейік, соңғы рет өзара кездескенде ойындары аса тартысты өтіп, «кедендіктер» тек соңғы минуттарда ғана жеңісті жұлып алған. Алма-кезек шабуылдармен өткен сол матчта 5:3 есебі тіркелген еді. Бұл жолы «Достар» қарсыласына еш айла қыла алмады. Кездесудің алғашқы минуттарында-ақ голдарды бірінен соң бірін қақырата соғып алған «Кеден» матчтың қалған бөлігінде қарымта шабуылдарға ғана иек артты. Амалдары құрыған Әділ Шанабаев шәкірттері қақпашысын алып тастап, алаңға бесінші ойыншысын қосқанымен де пайда болған жоқ. Керісінше «кедендіктерге» керегі осы болды. Ашық тұрған қақпаны алыстан көздей беріп, қорытынды есепті 6:1-ге жеткізді.

Ал «Алан» мен №8МБЖСМОР командалары арасындағы матчта 5:0 есебімен алғашқылары техникалық жеңісті өз еншілеріне жазды.

14-тур

Алан – №8 МБЖМОР 5:0

Есіл – Целиноград 13:1

Кеден – Достар 6:1


Тізімге қайта оралу