|   |   |   |  Самұрық-Қазына кубогы. ҚазМұнайГаз бен Телеком финалда ойнайды

Самұрық-Қазына кубогы. ҚазМұнайГаз бен Телеком финалда ойнайды

Самұрық-Қазына кубогы. ҚазМұнайГаз бен Телеком финалда ойнайды
Финалда ҚазМұнайГаз бен Телеком

«Самұрық-Қазына» кубогына таласатын қос команда анықталды. Келесі жексенбіде «Астана» спорт кешенінде бас жүлде үшін «ҚазМұнайГаз» бен «Телеком» таласады.

Ақтық айқаста ойнау үшін «ҚазМұнайГаз-РД» жартылай финалда «ҚазАтомПромды» жеңу қажет болды. Алғашқы минуттар «атомшылардың» басымдығымен өтіп, қарсыластарын қақпасының маңына қысып тастады. Гол соғатын мүмкіндіктері болған, бірақ біреуін де қақпаға тоғыта алған жоқ. Осылайша 15 минут артта қалды. Есесіне 16-шы минутта «мұнайшылар» 2:0 есебімен алға озып кетті. Ал екінші таймда қарқындарын тіптен күшейтті. Жылдам ойынның арқасында «атомшыларды» әбден әбігерге салған олардың пастары да жақсы өтіп жатты. Нәтижесінде таблода 7:0 есебі тіркеліп, «ҚазМұнайГаздың» әлдеқайда мықты екендіктері байқалды.

Екінші жартылай финалда «Телеком» мен «КеденТрансСервис» кездесті. Екеуі де турнир кестесінің жүлделі орындарында орналасқан. Араларын екі-ақ ұпай бөліп тұр. Лига аясында үшінші турда кездескен. Тартысты өткен сол ойында «Кеден» жігіттері 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді, соның арқасында ғана қазір алда тұр. Сондықтан, Лигада жіберген есесін Кубокта қайтаруды жөн көрген «Телеком» бірден іске кірісті. Бес минут өтер-өтпестен екі гол соғып алды да, қорғанысқа көшті. Ал «КеденТрансСервиске» есепті теңестіру қажет. Қақпашысын алып тастап, алаңға бесінші ойыншысын қосты. Бәрібір көмектеспеді. Керісінше, «Телеком» есепті еселей түсті. Қорытынды есеп – 5:1.

Енді ақтық айқаста «ҚазМұнайГаз» бен «Телекомның» текетіресін көреміз.


Тізімге қайта оралу