|   |   |   |  Самұрық-Қазына лигасы. Көшбасшылар ұзап барады

Самұрық-Қазына лигасы. Көшбасшылар ұзап барады

Самұрық-Қазына лигасы. Көшбасшылар ұзап барады
ҚазМұнайГаз тізгінді ешкімге берер емес

Әр сенбі сайын «Астана» спорт кешенінің паркетін «шаңға көметін» «Самұрық-Қазына» лигасының 15 туры артта қалды. Әзірге үш көшбасшы өзгелелерден оқ бойы озып, турнир кестесінде алда келеді.

Сенбі күнгі ойындар бағдарламасын «Телеком» мен «Евро-Азия Эйр» ойыны ашты. Бас жүлдеден үміттерін үзе қоймаған «байланысшылар» ойын тізгінін бірден өз қолдарына алып, аутсайдерге еш мүмкіндік берместен 6:3 есебімен тізерлетті.

«Аэропорт» пен «КеденТрансСервис» командалары арасындағы матчта бір голға кем соғылғанымен кездесу өте тартысты өтті. Командалар өрнекті ойын үлгісін көрсетіп, көрермендердің қошеметтеріне бөленді. Бірақ жеңіс әккі «кедендіктерге» бұйырды.

«ҚазТрансГаз» командасымен кездескен «ҚазПошта» еш қиындықсыз қарсыластарын қалпақпен қайырып алды. Есеп 6:1. Ал көш басындағы «ҚазМұнайГаз» бастапқыда «Самұрық-Қазына» қақпасының кілтін таба алмай, біраз әбігерге түсті. «Самұрықтықтар» ойынды қарқынды бастап, «мұнайшыларды» тығырыққа тірегенімен екінші таймда лидер өз дегеніне жетті. Қорытынды есеп – 8:5.

«ҚазАтомПроммен» кездескен «Астана» СК» қорғанысының жібі бірінші минуттан-ақ сөгіле берді. «Атомшыларға» да сол керек, доптарды бірінен соң бірін соқты. Үзілістен кейін «астаналықтар» аздап естерін жиған еді, бірақ бәрі де кеш болды.


Тізімге қайта оралу