|   |   |   |  Самұрық-Қазына кубогы. Үздік төрттік анықталды

Самұрық-Қазына кубогы. Үздік төрттік анықталды

Самұрық-Қазына кубогы. Үздік төрттік анықталды
Нұрлан Дайрабаев қарсы қақпаға тыным берер емес

Футзалдан «Самұрық-Қазына» лигасының ширек финалдық ойындары өтіп, жартылай финалға жолдама алған үздік төрттік анықталды. Енді келесі жексенбіде бұл төртеуі ақтық сында айқасатын қос мықтыны анықтайтын болады.

Ширек финалдық бәсекелер көпшілік күткендей тартысты болмады. Жоспардағы төрт ойынның біреуі ғана өтіп, қалған үшеуінде техникалық жеңістер тіркелді. Алаңға шыққаны «ҚазМұнайГаз» бен «ҚазПошта» ғана. Матчтың 9:2 есебімен аяқталғанына қарамастан «пошташылардың» жігерлігі мен батылдығын атап өтер едік. Өзге командалар қарсыластарының қарымынан сескеніп, «бәрібір ұтыламыз ғой, ақ тер, көк терге түсіп қайтеміз?», - деп ойынға келмей қалып жатқанда бұлар алаңға шығудан жасқанған жоқ. Шықты, шамасы жеткенше қарсы тұрды, ал «жеңілгенді жер көтереді».

Нағыз мықты командалар осындай ойындарда шыңдалады. «ҚазМұнайГаз» командасы да бірден осы деңгейге жеткен жоқ. Олардың да ұтылған кездері аз болмады. Бірақ, соның бәрі «мұнайшылардың» шыңдалып, шыңға шығуына септігін тигізді. Алдағы уақытта «ҚазПоштаның» футбол командасы да көшбасшылар қатарынан ойып тұрып орын алса, бүгінгідей ойындардың арқасы деп біліңіз.

Сонымен, келесі жексенбі күні өтетін жартылай финалдық текетіресте «ҚазМұнайГаз-РД» мен «ҚазАтомПром» және «Телеком» мен «КеденТрансСервис-ҚТЖ» командалары кездеседі. Көпшілік ақтық айқаста «мұнайшылар» мен «теміржолшылар» кездеседі деп топшылауде. Ендеше күтейік, бәлкім біз ойламаған бір команда ешкім күтпеген сенсацияны сыйлап қалар.

Тізімге қайта оралу