|   |   |   |  Самұрық-Қазына лигасы, Көшбасшы сүрінер емес?

Самұрық-Қазына лигасы, Көшбасшы сүрінер емес?

Самұрық-Қазына лигасы, Көшбасшы сүрінер емес?
"ҚазМұнайГаз" көш басынан түсер емес

Футзалдан «Самұрық-Қазына» лигасының 14 туры артта қалды. Әзірге көшбасшы өзгерген жоқ, өзгермейтін де секілді. Әр матчтан ләззат алып, тур өткен сайын қарқынын күшейтіп келе жатқан «ҚазМұнайГаз-РД» командасы бәсекелестеріне үмітт сыйлайтын емес.

Осы жолы олар «ҚазАтомПром» командасымен кездесті. Оңай шағылар жаңғақтардың қатарынан емес. Турнир кестесінде төртінші орында тұрған ұжым болатын. Лига лидеріне қарсы барын сала ойнады. Тіпті, ойын соңына таман «мұнайшылардың» айып алаңынан шықпай, азулы қарсыласын әбден әбігерге салды. «ҚазМұнайГаз» өзінің шабуылшысы Батырбек Жүнісовке алғыс айтуы керек шығар, оның дублі болмағанда осы матчтан жалқы ұпайға зар болып қайтуы да ғажап емес еді. Қорытынды есеп – 2:1, «ҚазМұнайГаз» әлі де тақтан таяр емес.

Тағы бір тартысты ойын «ҚазПошта» мен «Телеком» арасында өрбіді. «Ары тарт та, бері тарт» мәнерінде өткен текетіресте «Телекомның» жолы болып, ойын 6:5 нәтижесімен аяқталды.

Ал «Астана» халықаралық әуежайы» мен «»Евро-Азия Эйр» арасындағы өзіндік дербиде «астаналықтардың» айқын басымдылығы байқалып, ойын соңында табло 8:2 нәтижесін көрсетті.

Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» мен «ҚазТрансГаз» және «КеденТрансСервис» пен «Астана» СК» арасындағы кездесулерде 5:0 есептері тіркелді.

«Самұрық-Қазына» лигасының турнир кестесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Тізімге қайта оралу