|   |   |   |  Тәртіптік-Бақылау комитеті кінәлілерді жазалады

Тәртіптік-Бақылау комитеті кінәлілерді жазалады

Тәртіптік-Бақылау комитеті кінәлілерді жазалады
Кінәлілер алдағы 7 матчқа қатыса алмайды.

2016 жылдың 24 қаңтары күні футзалдан «Самұрық-Қазына» лигасының 13-туры аясында өткен «ҚазМұнайГаз-РД» мен «КеденТрансСервис-ҚТЖ» арасындағы кездесуде орын алған төбелеске байланысты Астана футбол федерациясының Тәртіптік-Бақылау комитеті мынадай шешім қабылдады:

1. Ойын тоқтатылғанда қарсыласын қасақана ұрғаны үшін «КеденТрансСервис-ҚТЖ» командасының ойыншысы Дархан Юсупов 7 матчқа аластатылсын.

2. Ойын тоқтатылғанда қарсыласын қасақана тепкені үшін «ҚазМұнайГаз-РД» командасының ойыншысы Қайрат Рамазанов 7 матчқа аластатылсын.

3. Матчтың ресми өкілдері тарапына бейәдеп сөздер бағыттағаны үшін «КеденТрансСервис-ҚТЖ» командасының ойыншысы Данияр Жүнісов 7 матчқа аластатылып, 20 000 (жиырма мың) теңге айыппұл салынсын.

Тізімге қайта оралу