|   |   |   |  "Есіл" мен "Кеденді" кім қуып жетеді? Қала біріншілігінің 8-турына шолу

"Есіл" мен "Кеденді" кім қуып жетеді? Қала біріншілігінің 8-турына шолу

"Есіл" мен "Кеденді" кім қуып жетеді? Қала біріншілігінің 8-турына шолу
Кеден - МБЖСМОР №8 10:6

Футзалдан Астана қаласының біріншілігінде екі көшбасшы бар. Жексенбі күні өткен 8-турда екеуі де өз ойындарын еш қиындықсыз жеңіспен аяқтады.

Дегенмен, «Есіл» үшін №8 МБЖСМОР командасымен болған ойын оңай болмады. Есепті бірінші болып жастар ашқан. Бірақ, уақытша амплуасын алмастырған Жасұлан Мұстафин көп ұзамай есепті теңестіріп кетті. Бұдан кейін де спорт мектебінің жеткіншектері көшбасшыларға тыныштық берген жоқ. Рас, шамалары жеткенше тырысты. Дегенмен, «Есілге» қарсы ерлік көрсету оңай емес. Бірінші таймның қорытындысы – 4:2, ал «қақпашы» Мұстафин хет-трик жасап үлгерді. Үзілістен кейін де екі жақ шабуылдарын толастатқан жоқ. Әйтсе де, «Есілдің» басты сұрмергені Ұлан Жақсылықов покер авторы атанып, кездесу тағдырын біржола шешті. Қорытынды есеп 10:6.


Достар - Ярыш матчы да тартысқа толы болды

Тағы бір көшбасшы «Кеденге» де жеңіс оңай келген жоқ. Олар турнир аутсайдері «Целиноградпен» кездескен. Алайда бірінші болып есепті «әлсіз» деген команда ашты. Тез арада бойларын тіктеп үлгерген «кедендіктер» дереу есепті теңестіріп қана қоймай, 2:1 есебімен алға шыққан. Бірақ «Целиноград» тағы да гол соғып, көпшілікті таңғалдырды. Әйткенмен көшбасшыға шамалары келмеді. Үзіліске санаулы секундтар қалғанда қақпаларына болмашы гол жіберіп, содан кейін естерін жинай алмай қалды. Әлгі голдың әсерінен екінші тайма есеңгіреп жүрген «Целиноградтың» қақпасына «Кеден» ойыншылары тағы бес доп соғып, таблодағы көрсеткішті 8:2-ге жеткізді.

Турнир кестесіндегі көршілер – «Достар» мен «Ярыштың» ойыны да тартысты өтіп, жеңімпаз тек соңғы минуттарда анықталды. Бірінші таймда үш гол соғып алғанының арқасында «Ярыш» екінші таймда өздерінің жеңісіне бек сенімді болып, аздап босаңсырап қалды. Сол-ақ екен, «Достар» да шабуылды үдетіп, таблодағы көрсеткішті қысқартып кетті. Тек бастаған істі соңына дейін жеткізе алған жоқ. Төрешінің соңғы ысқырығы естілердің алдында «Ярыш» тағы бір гол соғып, кездесуге нүкте қойды. 

Тізімге қайта оралу