|   |   |   |  Футзалдан 1,5 миллион теңге сарапқа салынады

Футзалдан 1,5 миллион теңге сарапқа салынады

Футзалдан 1,5 миллион теңге сарапқа салынады

Әуесқойлар арасындағы жазғы футбол маусымы аяқталуға таяды, алайда алда қысқы маусымдағы дода көр күттірмейді.

Егер сіз футбол ойнау білсеңіз, онда футзалдан Астана қаласының біріншілігіне қатысуға тамаша мүмкіндігіңіз бар. Биылғы доданың артықшылығы, жүлде қоры – 1,5 миллион теңге. Яғни жүлделі орындарға ие болған командалар 750 мың, 500 мың және 250 мың теңге сыйақы алады.

Қала біріншілігіне қатысу жарнасы – 250 мың теңге.

Естеріңізге сала кетейік, Астана футбол федерациясы өтініштер қабылдау кезеңі басталғанын жариялады. Ниет білдірушілер өздерінің өтініштерін info.ffa@bk.ru электронды поштасына жіберіп, бекіте алады. Өз кезегімізде кері байланысып, қатысушылардың бәріне доп додасы регламентін, өтінім парағын және турнир кестесін жібереміз.

Анықтама мәліметтері мына телефон бойынша: 52-42-36

Тізімге қайта оралу