|   |   |   |  Футзалдан «Самұрық-Қазына» лигасы басталды

Футзалдан «Самұрық-Қазына» лигасы басталды

Футзалдан «Самұрық-Қазына» лигасы басталды

Футзалдан 2015 жылғы 14 қараша күні елімздегі ең ірі Қордың төртінші турнирі басталып, ысқырығы безілдейді.

«Самұрық-Қазына» футбол лигасының додасы 2014 жылдан бастау алады. Дәл осы жолғы турнир – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының құрамына кіретін еншілес кәсіпорындардың қызметкерлері арасындағы төртінші доп додасы.

Бұл жолғы доп додасына 10 команда қатысады:

  • «ҚазМұнаГаз БӨ»,

  • «Телеком»,

  • «Кедетранссервис-ҚТЖ»,

  • «Астана СК»,

  • «Самұрық-Қазына» ҰҚ,

  • «Астана халықаралық аэропорты»,

  • «ҚазТрансГаз»,

  • «ҚазПошта»,

  • «ЕвроАзия Эйр»,

  • «ҚазАтомПром».

Жүлде қоры бірнеше ай бойы сарапқа салынып, доп додасы айналымдық жүйемен өтіп, барлық командалар бір-бірімен кездесіп шығады.

«Самұрық-Қазына» футбол лигасы – өзінің ауқымы бойынша теңдессіз, бірегей корпоративтік дода.

Корпоративтік спорттық дода ұжымды біріктіріп, нағыз команда құруға мүмкіндік береді. Мұны бүгін ғана басталған кезекті футбол маусымы да дәлелдеп берді. Осы айтулы һәм маңызды шараға байланысты біз сіздер үшін кішігірім фильм дайындадық. Онда «Самұрық-Қазына» футбол лигасының жаздағы додасы қалай өткендігі баяндалады. Фильм ашылу салтанатынна бастап тартымды әрі қызықты сәтері көп.

Бәріміз де көрейік!

Сілтемесі: https://www.youtube.com/watch?v=pfa9Yc2LpQ0 

Тізімге қайта оралу