|   |   |   |  Астананың "Аманат" командасы әлем чемпионатына аттанбақ

Астананың "Аманат" командасы әлем чемпионатына аттанбақ

Астананың "Аманат" командасы әлем чемпионатына аттанбақ
"Аманат" командасы әлем чемпионы атануды көздеп отыр

Былтыр YELEU CUP додасының жеңімпазы атанған Астананың «Аманат» әуесқой футбол командасы әлем чемпионатына қатысу үшін Барселонаға аттанады.

Мамырдың 9-ы мен 14-і аралығында өтетін әуесқойлар арасындағы Чемпиондар лигасына биыл Еуропаның 12 командасы қатысады. Ойындар Барселонадан 80 шақырым әріректе орналасқан Льорет-де-Мар атты Испанияның курортты қалашығында өтпек.

– Берселонаға осы сенбі күні Киев арқылы ұшамыз. Екі қақпашыны қосқанда барлығы 14 ойыншы алып барамыз. Әлбетте, ел намысын абыроймен қорғап, бас жүлдеге қол жеткізуге тырысамыз. Бірақ, қарсыластар да оңай шағылар жаңғақ емес. Әсіресе, Ресейдің командалары мықты. Жыл сайын үздіктер қатарынан көрініп жатады екен. Дегенмен, біз құрамды біршама күшейттік. Жақында YELEU CUP додасында чемпион атанған жігіттерден бөлек, құрамда футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары да бар. Павел Таку мен Александр Гребонос та біздің қатарда, сондай-ақ, Александр Довгань, Илья Мун және Григорий Шамро сынды марғасқаларға үміт артып отырмыз, - деді «Аманат» командасының капитаны Асқат Қожахметов.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Парагвай астанасы Ассуньсонда өткен Дүниежүзілік әуесқой футзал қауымдастығының мәжілісінде YELEU CUP  жеңімпазы Қазақстан атынан әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатына қатысу туралы шешім қабылданған. Сол жерде бірден жеребе тарту рәсімі де өтіп, YELEU CUP додасының өткен жылғы чемпионы «Аманаттың» қарсыластары да анықталды. «С» тобында өнер көрсететін жерлестеріміз Франция және Чехия командаларына қарсы ойнайды.

Әуесқойлар арасындағы Чемпиондар лигасы. Командалар.



Тізімге қайта оралу