|   |   |   |  YELEU CUP турнирінде әзірге үш көшбасшы

YELEU CUP турнирінде әзірге үш көшбасшы

YELEU CUP турнирінде әзірге үш көшбасшы
Астананың "Есіл" командасы үш ойында да жеңіске жетті

Елеупов мемориалының бірінші күнгі ойындарынан кейін Астананың «Есіл», «Cuman-Әлішер» және «Аманат» командалары өзгелерден озық екендігін байқатты.

Елордалықтар қонақжайлық танытпай отыр. Астанаға еліміздің алты қаласынан және Ресейден командалар келгенімен бірде-бірінің шамасы жергілікті жігіттерге жетер емес. Мәселен, «А» тобында «Есіл» көш бастап тұр. Үш ойын өткізген олар үшеуінде де еш қиындықсыз жеңіске жетіп, қарсыластар қақпасына барлығы тоғыз гол соқты. Әлбетте, Николай Пенгрин, Алекс сынды саңлақтары бар команда қалай көшбасшы болмасын?!

«В» тобында «Cuman-Әлішер» жеті ұпаймен бірінші орында тұр. Алайда олардан бір ойынға кем өткізген «Аманаттың» да жағдайы жаман емес. Еншісінде екі кездесуден максималды алты ұпай бар. Осы турнирдің өткен жылғы жеңімпазы биылғы додада өз мықтылығын қайта дәлелдеу үшін Қазақстан ұлттық құрамасынан Павел Таку, Александр Довгань, Александр Гребонос сынды саңлақтарды шақырыпты.

Дегенмен, бірінші күнгі ойындардан кейін әлі командалардың әлеуеттеріне толық баға беру мүмкін емес. Ертең YELEU CUP додасының екінші ойын күні. Бәлкім командалардың толық әлеуеттеріне лайықты бағаны содан кейін беруге болатын шығар.

Николай Пенгрин, «Есіл» командасының ойыншысы:

– Турнир өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Барлық команданың тыңғылықты дайындалып келгені көрініп тұр. Әлбетте, «Астана-Тұлпар» кәсіпқой клубы жабылып қалған соң бабымда болып жүру үшін қазір әуесқой футболда доп тебуге мәжбүрмін. «Есілге» чемпиондық атақты алып беруге бар көмегімді тигізуге тырысамын.  

Турнирдің ойындар кестесімен мына сілтеме бойынша, ал кездесулердің нәтижелері мына жерде.

Тізімге қайта оралу