|   |   |   |  YELEU CUP турнирі шымылдығы түрді (Фоторепортаж)

YELEU CUP турнирі шымылдығы түрді (Фоторепортаж)

YELEU CUP турнирі шымылдығы түрді (Фоторепортаж)
Елеупов турнирі шымылдығын түрді

Бүгін Астанада дәстүрлі YELEU CUP турнирі басталды. Алғашқы ойындарыдың нәтижелері белгілі болып, дүбірлі доданың ашылу салтанаты өтті.

Биыл 15-ші рет ұйымдастырылып жатқан Қанат Елеупов мемориалына еліміздің әр түкпірінен барлығы 12 команда қатысуда. Кейбір командалардың сапында тіпті Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары да жүр. Мәселен, «Аманатты» Павел Таку мен Александр Гребенос алға сүйреп жүрсе, «Есіл» сапында Николай Пенгрин мен бразилиялық Алекс гол соғып жүр. Алғашқы үшеуін білесіздер, Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары. Жақында Польшамен өткен електік ойында үшеуі де алаңда көсілген. Ал Алекс елорданың «Астана-Тұлпар» командасында ойнаған.

Алғашқы екі кездесуден кейін турнирдің ресми ашылу салтанаты өтіп, сапқа тізілген ұзын-сонар командалардың алдында Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Сейілда Байшақов, «YELEU CUP» додасының директоры Мұрат Елеупов және ел футболының ардагерлері Ойрат Садуов пен Сергей Кенетаев сөз сөйледі.

– YELEU CUP додасы Қазақстан футбол федерациясының ойындар кестесіндегі ең жоғары дәрежеде өткізілетін футзал турнирлерінің бірі. Мұнда барлық мықты ойыншылар жиналып, паркетте бар өнерлерін көрсетіп жатады. Тіпті, Қазақстан ұлттық құрамасының бүгінгі ойыншыларының кейбірі осы турнирден шыққан, - деді ҚФФ вице-президенті Сейілда Икрамұлы.

Ойрат Садуов, футбол ардагері:

– Осыдан 10-12 жыл бұрын өзім де осы турнирге қатысқанмын. Содан бері YELEU CUP додасы жоғары деңгейге көтеріліп, бүгінде халықаралық дәрежеге ие болып отыр. Осындай турнирлердің арқасында елімізде футзал ойыны одан әрі дами бермек. Ал жеңімпаз команданың әлем чемпионатына жолдама алуы – бұл турнирдің мәртебесін одан әрі асырып отыр.












Тізімге қайта оралу