|   |   |   |  «Астана Су Арнасы» жеңіспен бастады

«Астана Су Арнасы» жеңіспен бастады

«Астана Су Арнасы» жеңіспен бастады

Астанада ардагерлер арасындағы қала біріншілігінің үшінші туры өтті. «Астана Су Арнасы» командасының республикалық турнирге қатысуына байланысты олардың бастапқы екі турдағы ойындары кейінге шегеріліп, аталған ұжым тек үшінші турдан бастап қалалық додаға қосылды. Әрі қалалық суарнашылары «Наша компания» командасымен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Басқа ойындарда «Семей» футболшылары «Телеком» қақпасына төрт гол соғып, өздері бір ғана гол жіберіп алды. Сөйтіп, тағы да үш ұпай еншілеп, көш басында өзгелерден қара үзді. Екінші орынға «Сайран» футболшылары (суретте) орналасты. Олар бұл турда Еркен Сұлтанов пен Қайрат Тоқсанбаевтың ҚТЖ командасына соққан голдарының арқасында жеңіске жетті.

Ертең қазан күні 4-ші турдың ойындары өтеді. Онда әзірше көш соңында келе жатқан НК және ҚТЖ командалары кездеседі. Сондай-ақ «Телеком» мен «Сайран», әзірше жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген «Семей» және «Астана Су Арнасы» додаға түседі.

2-3 ТУР НӘТИЖЕЛЕРІ

20 ҚАЗАН

КТЖ – Телеком – 1:2

Голдар: Қадыров – Ахметшин, Москалев
Семей – НК – 4:2 Қанатиев, Оранхаев Н., Мұсатаев, Елеупов - Искендиров, Гроза.

26 ҚАЗАН

Сайран – ҚТЖ – 2:0

Голдар: Сұлтанов, Тоқсанбаев
Телеком – Семей – 1:4

Голдар: Әбдірахманов – Саудагеров - 3, Қанатиев
НК - Астана Су Арнасы – 1:3

Голдар: Морозов – Нұрғазиев, Бексейітов, Ахметов.

4 ТУР ОЙЫНДАРЫ

27 ҚАЗАН

НК – КТЖ
Семей – Астана Су Арнасы
Телеком – Сайран

ЕКІ ТУРДАН КЕЙІНГІ АРДЕГЕРЛЕР БІРІНШІЛІГІНІҢ КЕСТЕСІ:

О

Команда

О

Ж

Т

Ұ

Д/А

Ұп

1

Семей

3

3

0

0

13-8

9

2

Сайран

2

2

0

0

7-0

6

3

Астана Су Арнасы

1

1

0

0

3-1

3

4

Телеком

2

1

0

1

3-5

3

5

КТЖ

3

0

0

3

4-9

0

6

НК

3

0

0

3

3-12

0

Сұрмергендер: Қ.Мұсатаев (Семей) – 4
Р. Саудагеров (Семей) – 4

Тізімге қайта оралу