Главная страница
 |   |   |   |   |  Астана біріншілігі. Қос жүлдеге үш үміткер

Астана біріншілігі. Қос жүлдеге үш үміткер

Астана біріншілігі. Қос жүлдеге үш үміткер
Астана біріншілігі. Қос жүлдеге үш үміткер

Алдағы демалыс күндері Астана әуесқой футболын 10 ойын күтіп тұр. Бұл Қала біріншілігіндегі жүлдегерлердің тағдырын шешетін кездесулер болуы әбден мүмкін.

Елорда біріншілігінде чемпион анықталып қойғанымен күміс және қола жүлденің тағдыры әлі анықталған жоқ. Чемпионаттың аяқталуына екі тур қалды. Дәл қазір екінші және үшінші орыннан үш команда үмітті. Олар: «Арт Принт», «Астана сити» және «Жолбарыс». Әйтеуір, бір-бірінің қателігін аңдып, жеңілулерін күтіп жүрген бәсекелестер.

Ертең «Арт Принт» «Астана» футбол клубының 2001 жылғы жасөспірімдерімен кездеседі. «Астана ситиді» жексенбі күні «№8 БЖСМОР» командасына қарсы қиын кездесу күтіп тұр. Ал «Жолбарыс» жексенбіде «Астана-2001»-ден ұпай алып көруге тырысады.

Бұдан бөлек, осы демалыс бізді Елорда кубогының жартылай финалы аясындағы «Зенит» – «Арт Принт» матчы күтіп тұр. Финалға қайсы шығар екен.

Астана әуесқой футболы

24 ақпан (сенбі)

XII тур

10:00. ЭВЕРЕСТ - КАЗАЭРОНАВИГАЦИЯ

11:30. ЦЕЛИНОГРАД – БІРІНШІ ПРЕЗИДЕНТ ҚОРЫ

13:00. ЖОЛБАРЫС - VICTORIA

14:30. ЗЕНИТ - ЖАСТАР

16:00. АСТАНА-2001 - АРТ ПРИНТ

25 ақпан (жексенбі)

10:00. ASTANA CITY - СДЮСШОР№8

11:30. ЗЕНИТ - АРТ ПРИНТ (жартылай финал)

XIII тур

13:00. СДЮСШОР№8-2001 – БІРІНШІ ПРЕЗИДЕНТ ҚОРЫ

14:30. ЭВЕРЕСТ - VICTORIA

16:00. ЖОЛБАРЫС - АСТАНА-2001

Астана біріншілігінің турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Возврат к списку