Главная страница
 |   |   |   |   |  Астана кубогы. Жартылай финалға шыққан барлық команда белгілі болды

Астана кубогы. Жартылай финалға шыққан барлық команда белгілі болды

Астана кубогы. Жартылай финалға шыққан барлық команда белгілі болды
Астана кубогы. Жартылай финалға шыққан барлық команда белгілі болды

Әуесқой футболдан Астана кубогының жартылай финалына жолдама алған квартет анықталды. Енді осы төрттік жүлделі орындарды өзара сарапқа салатын болады.

Бұған дейін «Арт Принттің» пенальти сериясы бойынша «Астана-2001» жектіншектерін жеңгенін жазғанбыз. Олардың қатарына тағы үш команда қосылды. Кеше «Астана-Арена» стадионында ширек финалдың үш ойыны өтіп, алдымен алаңға «Зенит» пен спорт мектебінің 2001 жылғы жасөспірімдері шыққан. Елорда чемпионы атанып қойған Илья Меланич шәкірттері кубокты да қанжығаларына байлағысы келетін секілді. Қарсыласының қақпасына жауапсыз алты гол соқты. Андрей Пустовалов покер авторы атанды.

Қалған екі кездесу өте тартысты өтіп, жеңімпаз тек ойынның соңғы минуттарында ғана анықталды. «Астана Сити» қиян-кескі шайқаста 2:1 есебімен «№8 БЖМОРС» жігіттерін жеңсе, «Жолбарыс» соңғы минутта гол соғып, 3:2 есебімен «Бірінші Президент қорынан» басым түсті.

Астана кубогының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Возврат к списку