Главная страница
 |   |   |   |   |  Астана біріншілігі. "Жолбарыс" пен "Бірінші Президент қоры" көшбасшыға ілесе ала ма?

Астана біріншілігі. "Жолбарыс" пен "Бірінші Президент қоры" көшбасшыға ілесе ала ма?

Астана біріншілігі. "Жолбарыс" пен "Бірінші Президент қоры" көшбасшыға ілесе ала ма?
Астана біріншілігі. "Жолбарыс" пен "Бірінші Президент қоры" көшбасшыға ілесе ала ма?

Алдағы демалыс күндері әуесқой футболдан Астана біріншілігінің аясында алты матч жоспарланған. Ойындардың барлығы еліміздің басты стадионы «Астана-Аренада» өтеді.

Айта кетейік, дәл қазір турнир кестесінде «Зенит» көш бастап келеді. Олар сегіз турдан кейін әлі ұпай жоғалтқан жоқ. Сондай-ақ, жүлделі үштікте «Арт Принт» пен «Жолбарыс» та үзеңгі қағыстырып, 19 ұпаймен қатар келеді. Дегенмен, экс-әулие-аталықтардың» бір ойыны кем. Бұлардан бөлек, «Бірінші Президент қоры» мен «Астана ситидің» де медальдардан үміттері бар. Алда бес тур қалды. Қысқы маусымның чемпионы 11 ақпанда анықталады.

Осы демалысқа алты ойын жоспарланған. Оның біреуі ертең өтеді. «Зенит» пен «Казаэронавигация» командалары алаңға шықпақ. Ал аптаның орталық кездесуі жексенбі күні сағат 14:30-да «Бірінші Президент қоры» мен «Жолбарыс» арасында өтеді деп күтілуде. Бұл 4-турдың кейінге шегерілген кездесуі.

Астана біріншілігі

03.02.2018 ж. (сенбі)

16:00. ЗЕНИТ – АСТАНА-2000

04.02.2018 ж. (жексенбі)

10:00. АСТАНА-2001 – КАЗАЭРОНАВИГАЦИЯ

11:30. №8БЖСМОР – ЖАСТАР

13:00. ЗЕНИТ – ЭВЕРЕСТ

14:30. БІРІНШІ ПРЕЗИДЕНТ ҚОРЫ – ЖОЛБАРЫС

16:00. ASTANA CITY – АСТАНА-2000

Астана біріншілігінің турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Возврат к списку