Главная страница
 |   |   |   |  Астана біріншілігінде трансферлік терезе 8 қаңтарда ашылады

Астана біріншілігінде трансферлік терезе 8 қаңтарда ашылады

Астана біріншілігінде трансферлік терезе 8 қаңтарда ашылады
Астана біріншілігінде трансферлік терезе 8-12 қаңтар аралығында ашық болады

Астана футбол федерациясы Қала біріншілігінің трансферлік терезесі қашан ашылатындығы туралы хабарлады. Ол төрт күнге созылады.

Қаңтардың 8-інде ашылатын трансферлік терезе 12 қаңтарда жабылады. Осы аралықта командалар өз құрамына өзгерістер енгізіп, жаңа футболшылармен толыға алады.

Естеріңізге сала кетейік, дәл қазір әуесқойлар арасындағы Астана біріншілігінде 12 ұпаймен «Астана сити» және «Зенит» командалары көш бастап келеді. Алайда, 12 ұпай жинау үшін алғашқыларына бес ойын қажет болған. Ал «Зениттің» еншісінде 4 матч бар. Сондай-ақ, жүз пайыздық көрсеткішке «Бірінші Президент қоры» да бар. Олар үш турдан максималды ұпай жинаған.

Жалпы, 14 команда өнер көрсететін Астана біріншілігінің келесі туры жексенбі, яғни 7 қаңтар күні өтеді. Ойындардың барлығы еліміздің басты стадионы «Астана-Аренада».

Астана біріншілігінің турнир кестесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Тізімге қайта оралу