Главная страница
 |   |   |   |  Астана біріншілігі. «Жолбарыс» та «Зениттің» жолына бөгет бола алмады

Астана біріншілігі. «Жолбарыс» та «Зениттің» жолына бөгет бола алмады

Астана біріншілігі. «Жолбарыс» та «Зениттің» жолына бөгет бола алмады
Астана біріншілігі. «Жолбарыс» «Зениттің» жолына бөгет бола алмады

Бүгін әуесқой футболдан Астана біріншілігінің 8-ші туры аясында үш ойын өтіп, турдың басты матчында «Зенит» пен «Жолбарыс» кездесті.

Қала біріншілігінің басты фавориттерінің ойынын тамашалау үшін «Астана-Арена» стадионына біраз көрермен жиналды. Ойын да тартысты өтіп, жиналған жанкүйерлерді тамаша әсерге бөледі. Алдымен есепті Илья Меланич шәкірттері ашқан. Матчтың 25-ші минутында Андрей Пустовалов «Зенитті» алға шығарды. Үзіліске үш минут қалғанда Аслан Еркен есеп айырмашылығын екі голға дейін ұлғайтқан. Алайда, екінші таймды қарқынды бастаған «Жолбарыс» футболшылары Нұржан Құрамжановтың көмегімен бір гол соға алды. Тағы да тықсыртып, таразы басын теңестіруге шақ қалған. Бірақ, шабуылдары еш нәтиже бермей жатты. Кенет 70-ші минутта «Зенит» футболшылары қарымта шабуылды сәтті ұйымдастырып, Андрей пустовалов дубль авторы атанды. Ойын соңына қарай тағы бір гол соғатын мүмкіндіктері болған еді, алайда Джошуа Зибордың соққысы қақпа бағансына тиіп, кері қайтты. Қорытынды есеп – 3:1, «Зенит» басты бәсекелесі «Астана ситиден» алты ұпайға алда келеді. Оларды қуып жете алатын бір-ақ команда бар – «Бірінші Президент қоры». Олар өзара 3 ақпанда кездеседі.

Дегенмен, «Астана сити» де қалысар емес. Бүгін олар әупірімдеп болса да «Эвересті» жеңді. Онда да қарсыластары екі қызыл қағаз алып, Ринат Әбжаппаров бастаған жігіттердің жағдайын жеңілдетіп берді. Ал матчтағы жалғыз голдың авторы Төлеген Сағынаев.

Әдеттегідей «Виктория» да жеңілді. Біріншіліктің басты аутсайдері бұл жолы №8 спорт мектебінің 2001 жылғы жасөспірімдерімен кездесіп, қақпасына жауапсыз жеті гол жіберіп алды. Осылайша «Викторияның» 8 ойында қақпасынан алып шыққан голдарының саны 75-ке жетті. Кім біледі, енді екі-үш ойыннан кейін 100-ге де жеткізіп қалатын шығар.

Астана біріншілігінің турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу