Главная страница
 |   |   |   |  Астана біріншілігі. Victoria өз орнын тапқан сияқты

Астана біріншілігі. Victoria өз орнын тапқан сияқты

Астана біріншілігі. Victoria өз орнын тапқан сияқты
Астана біріншілігі. Victoria өз орнын тапты ма?

Демалыс күндері «Астана Арена» стадионында Қала біріншілігінің 3-ші және 4-ші тур ойындары арасында бірнеше ойын өтіп, турнир кестесінде көш басына №8 БЖСМОР көтерілді. Ал «мәңгілік аутсайдер» «Виктория» өз орнын тапқан сияқты.

«Виктория» екі аптаның ішінде төрт ойын өткізіп тастады. Төртеуінде де ойсырай жеңілді. Тіпті, қала біріншілігінің дебютанты «Жастардың» өзі Асқат Назаров шәкірттерін тізерлетіп кетті. Қазір «Виктория» турнир кестесінің ең соңғы сатысында. Қарсылас қақпасына төрт гол соғып, төрт ойында өз қақпаларынан 40 доп алып шығыпты. Маусым аяқталғанша тағы неше гол жіберер екен? 200-ден асырар ма екен?

«Викторияның» басты бәсекелесі «Целиноградқа» жақсы болды. Олардың да еншісінде 0 ұпай. Бірақ доп айырмашылығы бойынша алда тұр. Сенбі күні Александр Черников шәкірттері «Зениттен» 2:7 есебімен ұтылды.

Жалпы, Илья Меланич бастаған «Зенит» көшбасшылар қатарында. Өздері өткізген үш ойыннан да максималды ұпай жинаған. Сол сияқты жазғы маусымның вице-чемпионы «Бірінші Президент қоры» да  үш ойыннан жүз пайыздық көрсеткішке ие. Дегенмен, турнир кестесінде уақытша №8 БЖСМОР командасы тұр. Олар төрт ойыннан кейін 10 ұпай еншілеген.

Астана әуесқой біріншілігінің турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу