Главная страница
 |   |   |   |   |  Астана біріншілігі. Турнир кестесінде "Зенит" көш бастады

Астана біріншілігі. Турнир кестесінде "Зенит" көш бастады

Астана біріншілігі. Турнир кестесінде "Зенит" көш бастады
Астана біріншілігі. Турнир кестесінде "Зенит" көш бастады

Футболдан әуесқойлар арасындағы Астана біріншілігі тартысты басталып кетті. Алғашқы демалыстың қорытындысы бойынша турнир кестесінде «Зенит» командасы суырылып алға шықты.

Тәуелсіздік күндеріне арналған мереке кезінде «Зенит» үш ойын өткізіп, үшеуінде де максимум ұпайдан жинады. «Астана сити» командасын ұтқаннан кейін өте тартысты кездесуде 2:1 есебімен «Арт Принттан» айласын асырған. Үш гол да бірінші таймда соғылды.Ал кеше Илья Меланич шәкірттері «Целиноград» командасын 7:2 есебімен ойсырата ұтты.

«Целиноград» демекші, Александр Черников шәкірттері үш матчында да жеңілістің кермек дәмін татып, турнир кестесінде соңғы сатысынан бір-ақ шықты. Кеше «Зениттен» ұтылғанға дейін олар №8 БЖСМОРС командасынан жауапсыз 12 доп жіберген. Ал екінші матчында ашулы «Астана ситиден» 1:6 есебімен жеңілді.

«Целиноградпен» қатар турнир кестесінің соңғы сатысында тағы бір аутсайдер «Виктория» да тұр. Жазғы маусымда бірде-бір ойында жеңіске жетпеген «Виктория», шамасы қысқы маусымда да соңғы орыннан көтерілмейтін секілді. «Астана» футбол орталығының 2000 жылғы жасөспірімдерінен 1:5 есебімен жеңілген олар «Бірінші Президент қорынан» да ойсырай ұтылып, қақпаларына жауапсыз 16 гол жіберіп алды. Осылайша екі ойында да жеңіске жеткен «Бірінші Президент қоры» «Зениттің» соңынан қуғынды бастады. Бұл екеуінен бөлек, «Астана-2000» да әлі ұпай жоғалтқан жоқ. Екінші турда олар «Астана» футбол орталығының дербиінде 2001 жылғы інілерінен 4:2 есебімен басым түсті.

Астана әуесқой біріншілігінің турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Возврат к списку