Главная страница
 |   |   |   |  Астана біріншілігінің үздіктері марапатталды

Астана біріншілігінің үздіктері марапатталды

Астана біріншілігінің үздіктері марапатталды
Астана біріншілігі мәресіне жетті

Футболдан әуесқойлар арасындағы Астана біріншілігінің жазғы маусымы мәресіне жетті. Бүгін еліміздің басты стадионы «Астана-Аренада» марапаттау рәсімі өтіп, жеңімпаздар мен үздіктер үздіктерге медальдар мен кубоктар табысталды.

Айта кетейік, мамыр айында басталған Астана біріншілігінің ойындары елордамыздың «Астана-Арена» және «Тарлан-Арена» стадиондарында өтіп, оған 17 команда қатысқан болатын. Бірінші кезеңнен кейін турнир кестесінде жоғары орындарға орналасқан сегіз команда іріктеліп, чемпиондық жолындағы бәйгені қайта жалғастырды. Біріншіліктің аяқталуына төрт тур қалғанда бас кубоктан үмітті алты команда болған. Алайда, қысқы маусымның чемпионы «Достар» бір тур қалғанда басты бәсекелестерінен жеткізбестей ұзап кетті де, чемпиондықты рәсімдеді. Ал екінші орын Астана біріншілігінің дебютанты «Бірінші Президент қоры» командасына бұйырып, үздік үштікті №8 БЖСМОР қорытындылады.

Марапаттау рәсіміне Марапаттау рәсіміне Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, Қалалық Спорт және дене шынықтыру басқармасының жетекшісі Берік Маржықпаев және Астана қаласы футбол федерациясының президенті Лашын Аймағамбетов қатысты. Жазғы маусымның үздіктері де марапатталып, естелік кубоктар мен медальдар табысталды.

– Барлықтарыңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен және футболдан әуесқойлар арасындағы Астана біріншілігі дазғы маусымының мәресіне жетуімен құттықтаймын! Астана әкімінің кубогы өте жоғары дәрежеде өтті. Келесі жылдарда да бұл турнир жоғары мәртебеге ие болып, қатысушы командалар саны көбейе береді деген сенімдемін. Жалпы, бүгінде елордамызда футбол жоғары қарқынмен дамып келеді. Қаламыздың басты клубы «Астана» қазір Еуропа лигасында атой салып жүр. Елорданың ғана емес, еліміздің беткеұстар клубына айналып, ел намысын Еуропада абыроймен қорғауда. Бұқаралық футболға да зор көңіл бөлініп жатыр. Бір-екі күндік турнирлерді айтпағанда, толыққанды біріншіліктер де көп, - деді Ермек Әмірханұлы.

АСТАНА БІРІНШІЛІГІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ:

1-орын: «Достар»

2-орын: «Бірінші Президент қоры»

3-орын: №8 БЖСМОР

Үздік төреші – Саят ҚАРАБАЕВ

Үздік жаттықтырушы – Андрей ШУМАРА (№8 БЖСМОР)

Үздік қақпашы – Игорь ЧЕРНЫХ (Достар)

Үздік қорғаушы – Азат СМАҒҰЛОВ (№8 БЖСМОР)

Үздік жартылай қорғаушы – Әділ БАЛҒАБАЕВ (Достар)

Үздік шабуылшы – Денис ПРОКОПЕНКО (Достар)

Үздік сұрмерген – Дидар СЫДЫҚБЕК (Бірінші Президент қоры)
Астана біріншілігінің турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу