Главная страница
 |   |   |   |  Астана әкімінің кубогын №8 БЖСМОР командасы жеңіп алды

Астана әкімінің кубогын №8 БЖСМОР командасы жеңіп алды

Астана әкімінің кубогын №8 БЖСМОР командасы жеңіп алды
Астана әкімінің кубогын №8 БЖСМОР командасы жеңіп алды

Әуесқой футболдан Астана қаласы әкімінің кубогы мәресіне жетті. Бүгін елордамыздың «Астана-Арена» стадионында финалдық матч өтіп, пенальти сериясында «№8 БЖСМОР» командасы жеңімпаз атанды.

Финалда №8 Балалар жасөспірімдер спорт мектебінің командасы елордамыздың өткен жылғы чемпионы, Астана әкімі кубогының былтырғы жеңімпазы «Зенитпен» кездескен. Екі командада да мықтылар көп. Бұрын кәсіпқой деңгейде доп тепкендері де аз емес. Спорт мектебінің жігіттері бірінші минуттан-ақ ойын тізгінін қолдарына алып, Илья Меланич жаттықтыратын «Зенитті» тықсырта түскенімен бірінші таймның ортасында күтпеген жерден қақпаларына гол жіберіп алды. Өскемендік ойыншылардан құралған «Зенитті» алға шығарған Данил Стасюнас болатын.

Екінші таймда «Востоктың» экс-шабуылшысы Андрей Пустовалов таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді. Алайда, спорт мектебінің ойыншылары еңселерін түсірген жоқ. Матчтың аяқталуына он минуттай қалғанда Қазақстан жастар құрамасының экс-жартылай қорғаушысы Қуаныш Абдуалиев дубль жасап, таразы басын теңестіріп кетті.


Осылайша кездесу пенальти сериясына жетіп, №8 БЖСМОР қақпашысы Бейбітжан Мамырайымов қарсыластың екі соққысын қайтарды да, шешуші пенальтиді өзі орындап, командасына бір ойынның жеңісін ғана емес, бүкіл маусымның кубогын сыйлады.

АСТАНА КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫ

«Зенит» – №8 БЖСМОР 2:2, 1:4-пен.

Голдар: Данил Стасюнас, 19. Андрей Пустовалов, 51 – Қуаныш Абдуалиев, 69. Қуаныш Абдуалиев, 72.

Естеріңізге сала кетейік, Астана әкімінің кубогына 17 команда қатысып, турнир алты айға созылған болатын.

Марапаттау рәсіміне Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, Қалалық Спорт және дене шынықтыру басқармасының жетекшісі Берік Маржықпаев және Астана қаласы футбол федерациясының президенті Лашын Аймағамбетов қатысып, жеңімпаздарға кубокты Ермек Әмірханұлы табыстады.

Астана әкімі кубогы финалының хаттамасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу