Главная страница
 |   |   |   |   |  Астана кубогы. Финалға шыққан алғашқы команда белгілі болды

Астана кубогы. Финалға шыққан алғашқы команда белгілі болды

Астана кубогы. Финалға шыққан алғашқы команда белгілі болды
Астана кубогы. Финалға шыққан алғашқы команда белгілі болды

Әуесқой футболдан Астана қаласының кубогында финалға жолдама алған алғашқы команда анықталды. Кеше жартылай финалдың бірінші жұбында «Әулие-Ата» мен «Зенит» кездесіп, пенальти сериясында өскемендіктердің жолдары болды.

«Астана-Арена» стадионында өткен кездесудің 2-ші минутында-ақ Жұмағали Әлібаев «Зенитті» алға шығарған. Бірінші таймның аяқталуына төрт минут қалғанда Александр Богомолов есепті еселеді.

Алайда, екінші таймның соңғы он минутын тамаша өткізген «Әулие-Ата» бас төреші Саят Қарабаевтың ысқырығы естілгенше таразы басын теңестіріп үлгерді. Алдымен 73-ші минутта Қазбек Ермекбаев пенальтиден гол айырмашылығын қысқартса, матчтың аяқталуына бір минут қалғанда Асылбек Изатов «Зенит» қақпасына екінші голды соғып, ойынды пенальти сериясына жеткізді.

Осылайша, пенальти сериясына да кезек келіп, 4:3 есебімен Илья Меланич бастаған «Зенит» командасы жеңіске жетті.

Екінші финалистің есімі бүгін "Достар" – №8 БЖСМОР командаларының арасындағы кездесуден кейін белгілі болады.

Астана кубогы жартылай финалының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Возврат к списку