Главная страница
 |   |   |   |  Астана кубогы. Жартылай финалға жолдама алған командалар толық анықталды

Астана кубогы. Жартылай финалға жолдама алған командалар толық анықталды

Астана кубогы. Жартылай финалға жолдама алған командалар толық анықталды
Астана кубогы. Жартылай финалға жолдама алған командалар толық анықталды

Бүгін «Астана-Арена» стадионында Елорда кубогының ширек финалдық ойындары өтіп, жартылай финалға жолдама алған барлық командалар анықталды.

Жолдамаға бұған дейін қол жеткізіп қойған «Достардың» қатарына «Әулие-Ата», «Зенит» және №8 БЖСМОР командалары қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Достар» «Астана-99» командасынан 1:2 есебімен жеңіліп қалғанымен футбол орталығының сапында матчқа тіркелмеген ойыншының алаңға шыққаны үшін АФФ Тәртіптік-бақылау комитетінің шешімімен жартылай финалға «Достар» өткен болатын.

Бүгін тағы үш ойынның куәсі болдық. №8 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы «Эверест» қақпасына жауапсыз 10 гол соқты. Бірінші таймда үш голмен шектелген спорт мектебінің өкілдерін үзілістен кейін тоқтату мүлдем мүмкін болмады.

Қала біріншілігін сәтсіз өткізген былтырғы маусымның чемпионы «Зенит» өте тартысты өткен кездесуде «Астана Сити» жігіттерін 5:2 есебімен тізерлетті.

Ал «Әулие-Ата» мен «Астана-2000» арасындағы матчта футбол орталығының жігіттері жеңіске жеткенімен "Астана-2000" сапында кәсіпқой ойыншы Владислав Прокопенко ойнағандықтан техникалық 3:0 жеңісімен жартылай финалға "Әулие Ата" шықты.

Осылайша жартылай финалдың жұптарын «Зенит» пен «Әулие-Ата» және «Достар» мен №8 БЖСМОР құрады.

АСТАНА КУБОГЫ

Ширек финал нәтижелері

«Достар» – «Астана-99» 1:2 (3:0 техникалық есеп)

№8 БЖСМОР – Эверест 10:0

«Зенит» – «Астана Сити» 5:2

«Әулие-Ата» – «Астана-2000» 3:0

Жартылай финал

«Зенит» – «Әулие-Ата» (26 қараша)

«Достар» – №8 БЖСМОР (27 қараша)

Астана кубогы ширек финалының хаттамаларымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу