Главная страница
 |   |   |   |  Астанада Құрлықтық футбол лигасының іріктеу турнирі өтті

Астанада Құрлықтық футбол лигасының іріктеу турнирі өтті

Астанада Құрлықтық футбол лигасының іріктеу турнирі өтті
Астана Құрлықтық футбол лигасының іріктеу турнирі өтті

Осы демалыс еліміздің басты стадионы «Астана-Аренада» еліміздің әуесқой командалары арасында ҚФЛ кубогы өтіп, бас жүлдені жеңіп алған Алматының «Қайсар» командасы Мәскеуде өтетін Құрлықтық футбол лигасының финалдық кезеңіне жолдаманы жеңіп алды.

Құрлықтық футбол лигасы – Ресей астанасы Мәскеуде өтетін дәстүрлі турнир. Әр жылдың мамыр айында, 8х8 форматы бойынша өтеді. Қазақстандағы өкілі Мұрат Елеуповтың айтуынша, оған жыл сайын Шығыс Еуропа елдері мен ТМД-дан барлығы 70-ке жуық команда жиналады екен.

Қазақстандағы іріктеу турнирлері аяқталды. Біріншісі өткен айда Алматы қаласында өтіп, үш жолдаманың иегері белгілі болған. Осы жолы Астанада өткен турнирге алты команда жиналып, олар үш-үштен екі топқа бөлінді. «А» тобында Алматының «Қайсары» мен Астананың қос командасы «Номад» және «Арт Принт» орналасса, «В» тобында астаналық трио «Қазаэронавигация», «Жолбарыс» және «Қуат» өнер көрсетті.

Нәтижесінде, финалға «Қайсар» мен «Номад» шығып, құрамына Жігер Көкеев, Марлан Мужиков, Тельман Жунунов сынды кіл мықтыларды жинаған алматылықтар 5:2 есебімен жеңіске жетіп, Құрлықтық футбол лигасының финалдық кезеңіне берілер жолдаманы жеңіп алды. Бір қызығы, бұл екі команда бір күн бұрын топтық кезеңде кездесіп, ол кезде де «Қайсар» дәл осындай есеппен «көшпенділерді» тізерлеткен болатын.

Ал үшінші орын «Жолбарысты» жеңген «Қазаэронавигация» ұжымына бұйырды.

Турнирден кейін Ұйымдастырушылар комитеті үздік ойыншыларды марапаттап, Марлан Мужиков осы доданың ең үздігі атанды.

– Өте тамаша турнир өтті. Бірінші орынды жеңіп алғанымызға қуаныштымын. Шыны керек, қарсыластар тарапынан аса қатты қарсылық көрген жоқпыз. Енді бұйыртса, ҚФЛ-дың финалдық кезеңіне дайындаламыз. Негізі, мен екі командамен жеңіп алдым жолдаманы. Бірақ, қайсысынан жақсы ұсыныс түссе, сол команданың намысын қорғаймын, - деді Марлан Мужиков.

Тізімге қайта оралу