Главная страница
 |   |   |   |  Әділ Шанабаев – Егер демеушіміз болғанда «Достардың» атауы басқаша болар еді

Әділ Шанабаев – Егер демеушіміз болғанда «Достардың» атауы басқаша болар еді

Әділ Шанабаев – Егер демеушіміз болғанда «Достардың» атауы басқаша болар еді
Әділ Шанабаев – Егер демеушіміз болғанда «Достардың» атауы басқаша болар еді

Құрылғанына төрт жылға жуықтаған «Достар» үшін биылғы маусым өте сәтті болды. Алдымен Елорда біріншілігінің қысқы маусымында топ жарса, одан кейін әуесқойлар арасындағы Қазақстан біріншілігін жеңіп алып, күні кеше Астана қаласының екі дүркін чемпионы атанды.

 «Достарға» чемпиондық әкелген «Әулие-Атамен» болған ойыннан кейін команданың бас бапкері Әділ Шанабаевпен сұхбат құрған едік.

– Әділ, чемпиондық құтты болсын! Бірден мынадай сұрақ. Егер «Достар» Қазақстан Бірінші лигасына қатысанда маусымды қай орында аяқтар еді?

– Екеуі екі бөлек турнир. Оның үстіне, біз алдымызға Қазақстан Бірінші лигасына қатысу жайлы мақсат қойып отырған жоқпыз. Шынын айтқанда, бұл екі турнирді салыстыруға да болмайды.

– Жалпы, «Достардың» жеңістерінің құпиясы неде?

– Достықта. Біздің жігіттердің барлығының басын қосып, бір арнада ұстап тұрға нәрсе – достық. Өйткені, бізде ешкім командада доп теуіп, айлық алмайды. Чемпиондық үшін сыйақы да қарастырылмаған. Соған қарамастан команданың сәтті ойнап, жеңістерге жетіп жүргені қуантады.

– Биылдан бастап «Достардың» жейдесінде Coffee boom деген жазу пайда болды. Бұл сіздердің демеушілеріңіз бе?

– Жоқ, демеушіміз емес, олар біздің достарымыз. Бір-бірімізге пайдалы нәрсемен айналысып, бір-бірімізге көмектесіп жүрміз. Оларға демеуші ретінде қарамаймыз.

– Биыл өздеріңіз қатысқан турнирлердің барлығында жеңіске жеттіңіздер. Тойған жоқсыздар ма?

– Иә, ондай сезім болды. Әсіресе Қазақстан біріншілігінен кейін Астана чемпионатында ауыр болды. Жеңіске тойып, алаңға маңғаздықпен шығатын болдық. Ұпай жоғалту басталды. Бірақ, дер кезінде есімізді жиып, тізгінді қайта қолымызға алдық. Спортта ең бастысы осы. Футболда әрдайым жеңіске жете бермейсің.

– «Достардың» ендігі мақсаты қандай?

– «Достар» ары қарай да жеңістерге ұмтыла береді. Енді ақырында жастарды тәрбиелей бастаймыз. Байқаған болсаңыздар, біз ақырындап ойындарға жастарды шығарып жатырмыз. Олар «Достардың» жеңіс дәстүрін ары қарай жалғастыра беретін болады. Ал егер жақсы жастар шығып жатса, біз оларды кәсіпқой командаларға сатамыз.

– «Достар» биыл футболшылар тәрбиелейтін өз балалар мектебін ашты. Бұған не түрткі болды?

– Бұл мектепті достарымызбен бірігіп аштық. Пайда табу мақсатында емес, халыққа пайдамызды тигізу мақсатында. Алдымен Астанадағы балалар футболының нарығын зерттедік. Қарап тұрсақ, көп жерде балаларды доп тебуге футболдан хабары жоқ біреулер үйретіп жүр. Соған ішің ашиды. Біздің арамызда тәжірибелі, бұрын-соңды әртүрлі деңгейлерде футбол ойнаған жігіттер бар. Ендеше неге өзімізге футболшылар тәрбиелемеске?!

– Жалпы, «Достардың» демеушісі Тухан Хамхоев деген сыбыс бар. Қаншалықты рас?

– Жоқ, өтірік. Тухан – командамыздың капитаны. Бірақ, ол да өзге жігіттер секілді команданың толыққанды мүшесі. Әркім командаға шамасы жеткенше көмектесіп жатыр. Бізде демеуші жоқ, егер демеушіміз болса, команданың атауы басқаша аталар еді.

– Ендеше командадағы ерекше жақсы көретін ойыншыларыңыз кімдер?

– Бәрі бірдей. Ешкімді де бөле жармаймын, ешқайсысын алаламаймын. Біздің команда жікке бөлінбейді. Тұтас механизм.

Тізімге қайта оралу