Главная страница
 |   |   |   |  Астана біріншілігі. "Әулие Ата" "Достарды" қуып жетті

Астана біріншілігі. "Әулие Ата" "Достарды" қуып жетті

Астана біріншілігі. "Әулие Ата" "Достарды" қуып жетті
Астана біріншілігі. "Әулие Ата" "Достарды" қуып жетті

Енді екі аптадан кейін Қала біріншілігі мәресіне жетіп, әуесқой футболдан Астана чемпионы анықталады. Өткен демалыс елорда чемпионаты аясында төрт ойын өтті.

АСТАНА БІРІНШІЛІГІ

(21-22.10.17)

«Бірінші Президент қоры» – «Астана-2000» 2:0

Голдар: Марат Рақышев, 50. Дидар Сыдықбек, 79.

Ойынның 62-ші минутында Дидар Сыдықбек пенальти соға алмады.

«Әулие Ата» – «Олимп» 3:1

Голдар: Мадияр Тұрманов, 73. Сәбит Тұрсынбаев, 75. Дәулет Жақышев, 80 – Ақан Исаев, 56.

«Астана-2000» – «Әулие Ата» 2:3

Голдар: Ілияс Әбенов, 46. Арман Төлегенов, 66 – Сәбит Тұрсынбаев, 10. Абзал Нұрмағанбет, 75. Альтаир Тілегенов, 80.

«Бірінші Президент қоры» – «Арт Принт» 0:5

Голдар: Ринат Якбаров, 23. Вильдам Насибуллин, 38. Айзат Берсембаев, 45. Вильдам Насибуллин, 64. Нұрсұлтан Исмағұлов, 75.

Демалыс күні екі ойын өткізген «Бірінші Президент қорының» турнир кестесінде көш бастауға мүмкіндігі болған. Сенбі күні Дидар Сыдықбек бастаған жігіттер «Астана» футбол орталығының 2000 жылғы жеткіншектерімен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Екі пенальти белгіленген кездесуде Дидар Сыдықбек біреуінде мүлт кетті. Әйтпесе, таблода 3:0 нәтижесі тіркелер еді. Тағы бір допты Марат Рақышов соқты.

Алайда, кеше, жексенбінің таңында «Бірінші Президент қоры» Семейдің «Арт Принтінен» оңбай ұтылды. Бірінші таймда Ринат Якбаров пен Нильдам Насибуллин бір-бір голдан соқса, үзілістен кейін Насибуллин дубль авторы атанып, Айзат Берсембаев пен Нұрсұлтан Исмағұлов таблодағы көрсеткішті 5:0-ге жеткізді.

Осы демалыста екі ойынды да жеңу бақыты «Әулие Атаға» бұйырды. Оңтүстіктің жігіттерінен құралған құрама сенбіде «Олимптен» 3:1 есебімен басым түскен. Бірінші тайида есеп ашылмай, голдың барлығы үзілістен кейін соғылды. Ал кеше өте тартысты өткен кездесуде «Әулие Ата» 3:2 есебімен «Астана 2000» командасынан басым түсті. Осылайша, олар турнир кестесінде «Достарды» қуып жетті. Бірақ, чемпиондарда ұпай айырмасын қайта ұлғайтатын мүмкіндік бар.

Астана әуесқой біріншілігінің турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу