Главная страница
 |   |   |   |  Астана біріншілігі. Чемпиондықтар үміткерлер саны көбейді

Астана біріншілігі. Чемпиондықтар үміткерлер саны көбейді

Астана біріншілігі. Чемпиондықтар үміткерлер саны көбейді
Астана біріншілігі. Чемпиондықтар үміткерлер саны көбейді

Кеше футболдан Астана қаласының біріншілігі аясында үш ойын өтті. Екі кездесуде 4:1 есебі тіркелсе, біреуінде тең нәтиже тіркелді.

№8 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебі «Астана» футбол клубының 1999 жылғы жеткіншектерімен кездескен. Спорт мектебінің өкілдері еш қиындықсыз 4:1 есебімен жеңіске жетті. Сондай-ақ, дәл осындай есеппен «Бірінші Президент қоры» ардагерлерден құралған «Целинникті» тізерлетті. Бірінші таймның өзінде үш гол соғып тастаған Дидар Сыдықбектің командасы үзілістен кейін аздап босаңсып, «ардагерлерге» еркіндік беріп қойды. Ал «Рузаевка» мен «Астана сити» арасындағы ойында көрермендер тек екінші таймда ғана гол көрді. 68-ші минутта «астаналық» Әмір Қалабаев соққан голға үш минут өтер-өтпестен солтүстік қазақстандықтар сапынан Илья Флис тура соққымен жауап берді.

Астана біріншілігі

01.10.17 ж.

АСТАНА-99 – №8 БЖСМОР 1:4

РУЗАЕВКА – АСТАНА-СИТИ 1:1

ЦЕЛИННИК – ФОНД ПП 1:4

Астана біріншілігінің турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу