Главная страница
 |   |   |   |  Астана кубогы. «Арт Принт» ширек финалдан тыс қалды

Астана кубогы. «Арт Принт» ширек финалдан тыс қалды

Астана кубогы. «Арт Принт» ширек финалдан тыс қалды
Астана кубогы. «Арт Принт» ширек финалдан тыс қалды

Кеше әуесқой футболдан елорда кубогының 1/8-финалы аясында «Астана-2000» командасымен кездескен «Арт Принт» 2:4 есебімен ұтылып, ширек финалдан тыс қалды.

Есепті бірінші болып «Астана» футбол орталығының шәкірттері ашқанымен «Арт Принт» есін тез-ақ жиды. Бірінші тайм аяқталғанша екі гол соғып, есепте алға шыққан. Алайда, үзілістен кейін «Астана-2000» қарқынын күшейтіп, «семейліктер» қақпасына үш гол соқты. Қорытынды есеп – 4:2, «Астана-2000» ширек финалда.

Осылайша, олар «Достар», «Лидер», «Әулие Ата», «Астана-99» және «Эверестпен» бірге ширек финалға жолдама алды. Келесі жексенбіде тағы екі жолдаманың иесі анықталады. Оны «Рузаевка» – «Астана-99» және «Зенит» – «Целинник» командалары өзара кездесулерде сарапқа салады.

Астана кубогының 1/8-финалдық ойындарының хаттамасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу