Главная страница
 |   |   |   |  Астана біріншілігі. «Достар» «Астана» жеткіншектерін әзер жеңді

Астана біріншілігі. «Достар» «Астана» жеткіншектерін әзер жеңді

Астана біріншілігі. «Достар» «Астана» жеткіншектерін әзер жеңді
Астана біріншілігі. "Достар" "Астана" жеткіншектерін әзер жеңді

Кеше елордамыздың «Астана-Арена» стадионында әуесқойлар арасындағы Қазақстан чемпионы «Достар» Қала біріншілігінің 10-шы туры аясында «Астана» футбол орталығының 2000 жылғы жеткіншектерімен кездесті.

Неге екенін, соңғы кездері «Достардың» ойыны оңбай жүр. Шамасы, Теміртауда өткен ел чемпионатында Қазақстандағы үздік әуесқой команда атанғаннан кейін Әділ Шанабаев шәкірттері босаңсып қалған сияқты. Әлде, ел чемпионы атанып, енді қала біріншілігіне құштары болмай жүр ме? Неде болса, «Достардың» қазіргі ойындары көңіл көншітер емес.

Мәселен, кеше «Астана-Аренада» «Астана-2000» жеткіншектерімен кездесті. Командасына көмектесу үшін сонау Қарағандыдан Мұрат Тілешев те келіпті. Бірақ «болашақ «астаналықтарға» қарсы ойын сонда да оңай болмады. Кездесу соңына дейін таблода 2:2 есебі көрсетіп тұрған. Тек бас төреші Ернар Құсайыновтың соңғы ысқырығына үш минут қалғанда ғана көпшілікке «Банда» деген лақап атпен танымал Темірланәлі Бегімбай бұрыштама добынан кейін баспен гол соғып, «Достар» 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Астана біріншілігінің турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу