Главная страница
 |   |   |   |  Астана біріншілігі. "Достар" екінші рет ұпай жоғалтты

Астана біріншілігі. "Достар" екінші рет ұпай жоғалтты

Астана біріншілігі. "Достар" екінші рет ұпай жоғалтты
Астана біріншілігі. "Достар" биылдыққа екінші рет ұпай жоғалтты

Кеше еліміздің басты стадионы «Астана-Аренада» Қала біріншілігі 12-ші турының кейінге шегерілген «Достар» – «Әулие Ата» ойыны өтті.

Маусымды тамаша бастаған «Достар» жеңіске әбден тойынды-ау деймін, кейінгі кездесулеріне аса құлықсыз қарап жүр. Мәселен, өткен жолы бірінші рет жеңілді. Ал кеше «Әулие Атамен» тең түсті.

Қала чемпиондары қанша жерден шабуылдағанымен «оңтүстіктік» команданың қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Екінші таймда керісінше «Әулие Ата» футболшыларында гол соғатын мүмкіндіктер көбірек болды. Қарымта шабуылды сәтті пайдаланған «ақ-жасыл» жейдедегілер «Достар» қорғанысын әбден әбігерге салды.

Осылайша ойын 0:0 есебімен аяқталып, екі команда да бір-бір ұпайға қанағат білдірді. Ал «Достар» турнир кестесінде бірінші орынды сақтап қалды.

Астана біріншілігінің турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу