Главная страница
 |   |   |   |  Астана біріншілігі. "Тарлан-Аренадағы" тартыстар толастамайды

Астана біріншілігі. "Тарлан-Аренадағы" тартыстар толастамайды

Астана біріншілігі. "Тарлан-Аренадағы" тартыстар толастамайды
Астана біріншілігі. "Тарлан-Аренадағы" тартыстар толастамайды

Осы демалыс әуесқой футболдан Астана біріншілігін 10 ойын күтіп тұр. Солардың ішінде көпшіліктің назарын мына екі ойын аударуы мүмкін.

Ертең таңертең «Тарлан-Арена» стадионында «Бірінші Президент қоры» мен «№8 БЖСМОР» кездеседі. Екі команданың да ұпайы тең. Екінші және үшінші орынды өзара бөлісіп, турнир кестесінде үзеңгі қағыстырып келе жатқан командалар. Алайда, спорт мектебі бір ойынға кем өткізген. Оның үстіне, кеше ел чемпионы «Достарды» тізерлеткен олардың көңіл күйлері де ерекше. Бірақ Дидар Сыдықбек бастаған команданың да соңғы кездердегі қарқыны қатты. Қарсыластарын 2-3 доп айырмашылығымен жеңіп жүр. Сондықтан, ояна салып бірден «Тарлан-Аренаға» асығыңыз.

Ал жексенбі күнгі ойындардың шымылдығын «Достар» мен «Арт Принт» ашады. Кеше №8 БЖСМОР-дан жеңіліп қалған Әділ Шанабаев шәкірттері өте ашулы. Алайда, «Достар» - №8 БЖСМОР кездесуі барысында «Арт Принттің» де өкілдерін байқап қалғанбыз. Бәлкім, чемпиондардың әлсіз тұстарын түртіп те алған шығар. Турнир кестесінде төртінші орында келе жатқан «семейліктердің» де осал жері бар. Олар қатарынан екі күн жоғары деңгейде ойнай алмайды. Оған өткен аптада куә болғанбыз. Сенбі күні басты бәсекелестерінің бірі «Әулие Атаны» әзер жеңіп, бар күштерін жұмсап қойған «Арт Принт» ертесі күні күтпеген жерден «Олимптен» жеңіліп қалған. Сондықтан, бұл ойын да көруге тұрарлық текетірестердің қатарынан.

АСТАНА БІРІНШІЛІГІ

16 қыркүйек (сенбі)

10:00. ФОНД ПП - СДЮСШОР

11:40. ӘУЛИЕ АТА - АСТАНА СИТИ

13:20. ЭВЕРЕСТ - ЗЕНИТ

15:00. АРТ ПРИНТ - АСТАНА 99

16:40. РУЗАЕВКА - ЦЕЛИННИК

18:20. ВИКТОРИЯ - ЦЕЛИНОГРАД

17 қыркүйек (жексенбі)

12:00. ДОСТАР - АРТ ПРИНТ

13:40. РУЗАЕВКА - ВИКТОРИЯ

15:20. ФОНД ПП - ЗЕНИТ

17:00. ӘУЛИЕ АТА - АСТАНА 2000

18:40. ЦЕЛИННИК – КУАТ

Астана біріншілігінің турнир кестесі.

Тізімге қайта оралу