Главная страница
 |   |   |   |  Астана біріншілігі. "Достар" биылдыққа бірінші рет жеңілістің кермек дәмін татты

Астана біріншілігі. "Достар" биылдыққа бірінші рет жеңілістің кермек дәмін татты

Астана біріншілігі. "Достар" биылдыққа бірінші рет жеңілістің кермек дәмін татты
Астана біріншілігі. "Достар" биылдыққа бірінші рет жеңілістің кермек дәмін татты

Астана біріншілігінің 15-туры аясында «Астана-Аренада» «№8 БЖСМОР» командасын қабылдаған ел чемпионы «Достар» күтпеген жерден 1:2 есебімен ұтылып, биылдыққа бірінші рет жеңілістің кермек дәмін татты.

«Достар» да жеңіледі екен-ау. Бұған дейін қатарынан 10 турда қарсыластарына бірде-бір ұпай бермей, барлық ойында жеңіске жетіп келген Әділ Шанабаев шәкірттерін «№8 БЖСМОР» сүріндірді. Енді екі команданың да еншісінде бір-бір жеңілістен бар.

«Достар» – №8 БЖСМОР 1:2 (0:0)

Голдар: Сергей Аханов, 61 – Исламбек Құлекенов, 64. Джон Люки Бонифейс, 74.

Қызыл қағаз: Нвеке Чуквуекема (№8 БЖСМОР)

Еліміздің басты стадионында өткен ойын тып-тыныш басталды. Кездесу тізгіні «Достардың» қолында болғанымен спорт мектебінің өкілдері де қарап жүрген жоқ. Қарымта шабуылдар арқылы чемпиондардың осал тұсын табуға тырысты. Бірақ, бірінші таймда есеп өзгерген жоқ.

«№8 БЖСМОР» жігіттерімен қалай ойнау қажеттігін түсінсе керек, үзілістен кейін Әділ Шанабаев шәкірттері шабуылдарын үдете түсіп, қарсыластарын қыспаққа ала бастады. Мұндай сценарийге Ербол Қошанов шәкірттері мүлдем дайын болмай шықты. Нәтижесінде, 60-шы минутта командаға трансферлік маусымда қосылған африкалық «қара маржан» Нвеке Чуквуемеканың жүйкесі сыр беріп, екінші ескертуі үшін алаңнан қуылды.

Сол-ақ екен, «Достардың» келесі шабуылы голмен аяқталды. Есеп ашқан жартылай қорғаушы Сергей Аханов болатын. Алайда, чемпиондар артық құрамды пайдаларына жарата алмады. Тым ерте босаңсып кеткен секілді, арада үш минут өткенде спорт мектебінің қарымта шабуылын жіберіп алды да, Исламбек Құлекенов таразы басын теңестірді. Ал тағы 10 минуттан кейін Нвекенің отандасы Джон Люки Бонифейс «№8 БЖСМОР»-дың жеңіс голын соқты.

Осылайша биыл чемпиондықтан үмітті екінші команда пайда болды. Әзірге «Достарға» тойтарыс берген жалғыз команда да осы «№8 БЖСМОР». Олардың бір ойындары кем. Әйтпесе, турнир кестесіндегі ұпайлары да теңесер еді.

Міне, қала біріншілігіне қайта жан кірді деген осы.

Астана біріншілігігінің турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу