Главная страница
 |   |   |   |  Астана біріншілігі. Финалдық кезеңге кімдер шығады?

Астана біріншілігі. Финалдық кезеңге кімдер шығады?

Астана біріншілігі. Финалдық кезеңге кімдер шығады?
Астана біріншілігі. Финалдық кезеңге кімдер шығады?

Әуесқой футболдан Астана біріншілігінде бірінші кезеңнің аяқталуына жақын қалды. Үздік сегіздіктен орын алуға 13 команда үмітті. Өткен демалыстағы ойындар біраз мәселенің бетін ашып берген секілді.

Көшбасшылар, фавориттер туралы жиі жазып, жиі айтып жүрміз ғой. Олар туралы біраз нәрсені біліп қалдық. Әлеуеттері де жақсы белгілі. Сондықтан, үздік сегіздікке лайық командалар туралы айтайық.

Турнир кестесінің алғашқы алтылығынлағы «Достар», «Бірінші Президент қоры», «Арт Принт», «№8 БЖМОРС», «Әулие Ата», «Зенит» командаларының келесі кезеңге жолдама алатынына күмән келтірмейміз. Ал қалған екі орынға кімдер таласар екен?

«КДЗ Олимп»

Жасұлан Мантаевтың командасы 19 ұпаймен турнир кестесінде 7-орында тұрғанымен олар басты бәсекелестері «Астана-99» бен «Астана-2000» командаларынан бес ойынға артық өткізген. Бар болғаны бір ғана ұпайға алда келеді. Дегенмен, соңғы екі ойыны көз қуантты. Рас, «Достардан» жеңіліп қалды. Бірақ, Әділ Шанабаевтың командасына қазір ешкім де қарсылық көрсете алып жүрген жоқ. Дегенмен, ертесі күні тағы бір фаворит «Арт Принтті» ұтты. Ұтқанда да, оңай жеңді. Бірінші тайм бойы қорғанумен болған «КДЗ Олимп» ойынның аяқталуына 10 минут қалғанда есеп ашса, төрешінің соңғы ысқырығына санаулы минут қалғанда тағы бір гол соғып, «Арт Принтті» есеңгіретіп тастады. Сондықтан, үздік сегіздіктегі бір орын «Олимпке» бұйырса екен деген тілек бар.

«Астана-2000» және «Астана-99»

«Астана» футбол орталығының намысын қорғайтын бұл екі команданың турнир кестесіндегі жағдайы бірдей. Жетінші орындағы «Олимптен» бір ұпайға қалып келе жатқан бұл екеуінің еншісінде 18 ұпайдан бар. Дегенмен, жоғарыда атап өткеніміздей, бес ойынға кем өткізген. Қазір олар өз жастары арасындағы Қазақстан біріншілігіне қатысып жатыр. Ал Астана біріншілігінде екеуі болмаса да, «астаналықтардың» кем дегенде біреуі финалдық кезеңде болуы тиіс.

«Эверест»

Теориялық тұрғыда «Эвересттің» де финалдық кезеңге өтетін мүмкіндігі бар. Өткен демалыста екі ойын өткізген олар сенбі күні «№8 БЖСМОР» 0:3 есебімен ұтылғанымен кеше «Қуатты» 4:2 есебімен тізерлетті. Дегенмен, оларға оңай болмасы белгілі. Мәселен, «Астананың» қос командасы сегіз ойыннан өткізсе, бұлар осы уақытқа дейін 13 матч ойнап тастаған. Онда да үш ұпайға қалып келеді.

«Целиноград»

«Целиноградқа» финалдық кезеңге шығуға теориялық тұрғыдан да оңай емес. Егер кеше «Бірінші Президент қорын» ұтқанда, әлде де үміттері болатын еді. Бірақ Дидар Сыдықбек бастаған жігіттерге қарсы Александр Черниковтің командасы еш қарсылық көрсете алмады. Енді оларға «Астана» футбол орталығындағы қос команданың сүрінгендерін күту қажет. Өздеріне де барын сала ойнамаса болмайды.

Астана әуесқой футбол біріншілігінің турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу