Главная страница
 |   |   |   |  Қала біріншілігі. Астанада Оңтүстік пен Шығыс жігіттері айқасады

Қала біріншілігі. Астанада Оңтүстік пен Шығыс жігіттері айқасады

Қала біріншілігі. Астанада Оңтүстік пен Шығыс жігіттері айқасады
Қала біріншілігі. Астанада Оңтүстік пен Шығыс жігіттері айқасады

Екі апталық үзілістен кейін футболдан әуесқойлар арасындағы Астана біріншілігі қайта басталды. Сенбі мен жексенбі күндері «Тарлан-Арена» стадионында сегіз ойын өтеді.

Дәл қазір турнир кестесінде тоғыз ойынның барлығында жеңіске жеткен «Достар» командасы алда келеді. Олар осы сенбі «КДЛ Олимп» жігіттерімен кездеседі. Тоғызыншы орында келе жатқан «Олимп» үздік сегіздіктен орын алуға бар күштерін салып жүр. Өйткені, біріншіліктің ережесі бойынша тек сегіз команда ғана екінші кезеңге жолдама алады. Бірақ, «Достарды» жеңу былай тұрсын, тең түсу де олар үшін оңай болмас.

Негізі «Олимпке» осы демалыста екі мықты қарсыласпен кездесуге тура келіп тұр. Сенбі күні «Достардың» қарқынына шыдаса, жексенбіде «Арт Принтпен» айқасады. Бірақ, «Арт Принттің» де жексенбілік кездесуге қандай көңіл күйде келері белгісіз. Өйткені, сенбіде Сағындық Әбдірахманов бастаған семейлік командаға оңтүстіктің қырандары «Әулие Атамен» айқасу қажет. Бұл осы аптаның орталық ойыны болмақ.

Ал егер «Достар» кенеттен ұтылып қалса, оларды «Бірінші Президент қоры» қуып жетуі мүмкін. Ол үшін Дидар Сыдықбек шәкірттері «Целиноградты» ұтулары тиіс. Алайда, Александр Черников шәкірттеріне де қазір ұпай ауадай қажет. Турнир кестесінде 10-шы орында келе жатқан олар үздік сегіздіктен бес ұпайға қалып келе жатыр.

АСТАНА БІРІНШІЛІГІ

9 қыркүйек (сенбі)

13:30. КДЛ ОЛИМП - ДОСТАР - 13 ТУР 

15:10. ВИКТОРИЯ – ҚУАТ – 12 тур 

16:50. ФА ЭВЕРЕСТ - СДЮСШОР - 12 ТУР

18:30. АРТ ПРИНТ – ӘУЛИЕ АТА - 16 ТУР

10 қыркүйек (жексенбі)

11:00. КДЛ ОЛИМП – АРТ ПРИНТ - 17 ТУР

14:30. СДЮСШОР - ВИКТОРИЯ - 11 ТУР

16:10. ЦЕЛИНОГРАД – ФОНД ПП - 13 ТУР

17:50. ҚУАТ- ФА ЭВЕРЕСТ - 13 ТУР

Астана біріншілігінің турнир кестесі.

Тізімге қайта оралу