Главная страница
 |   |   |   |  Астана біріншілігі. "Достар" ойыншылары әдейі алаңнан қуыла ма?

Астана біріншілігі. "Достар" ойыншылары әдейі алаңнан қуыла ма?

Астана біріншілігі. "Достар" ойыншылары әдейі алаңнан қуыла ма?
Астана біріншілігі. "Достар" ойыншылары әдейі алаңнан қуыла ма?

Кеше «Астана-Арена» стадионында Қала біріншілігінің 15-туры аясындағы «Достар» – «Қуат» кездесуі өтті. Елорда чемпиондары қарсыластарын 12:1 есебімен ұтты.

«Достар» – «Қуат» 12:1 (4:1)

Голдар: Әділ Балғабаев, 3. Дмитрий Гантимуров, 7. Денис Прокопенко, 9. Дмитрий Гантимуров, 15. Біләл Насыров, 46. Ренат Махатов, 50. Ренат Махатов, 50. Максим Лапин, 67. Ренат Махатов, 71. Максим Лапин, 73. Роман Гончаров, 77. Ренат Махатов, 77 – Артем Острянин, 38.

Ойынның 20-шы минутында Нұрбол Тоқпанов (Д) алаңнан қуылды.

Кейде Әділ Шанабаев шәкірттері қарсыластарына жеңілдік жасау үшін ойын басында әдейі қызыл қағаз алатын секілді. Өйткені, күштері тасып тұр. Тіпті, ке құраммен де ойсырата жеңіп жатады. Мәселен, мұның алдындағы «Целиноградқа» қарсы кездесудің 9-шы минутында капитаны Жасұлан Омаров алаңнан қуылған. Кеше 20-шы минутта Нұрбол Тоқпанов қызыл қағаз алды. Бұл кезде «Достар» қарсыластарының қақпасына жауапсыз төрт гол соғып қойған. Бірақ, сонда да «Қуатқа» көмектеспеді. Рас, үзіліске екі минут қалғанда тамаша ұйымдастырылған комбинациядан кейін Артем Острянин таблодағы көрсеткішті қысқартан.

Алайда үзілістен кейін чемпиондар тағы да сегіз гол соқты. Әсіресе алаңға екінші таймда шыққан Ренат Махатов ерледі. Өзгелерден жасы едәуір үлкен ол кез-келген нүктеден оң аяқпен де, сол аяқпен де тебе береді екен. Покердің авторы атанып, өзінің осы маусымдағы голдарының санын 13-ке дейін жеткізді. Жалпы, сұрмергендер туралы айтар болсақ, «Достардың» бес ойыншысы осы маусымда ең көп гол соққан футболшылардың ондығына кіреді. Ренат Махатов пен Денис Прокопенкода 13 голдан, Ержан Мұхамедин 12 гол соғып тастаған. Біләл Насыров 10 голдың авторы атанса, қазір жарақатын емдетіп жүрген Тухан Хамхоевтың еншісінде 8 гол бар. Ал маусымның үздік сұрмергені әзірге «Әулие-Ата» шабуылшысы Асыл Исатов. Дегенмен, Асыл 15 голының 9-ын «Виктория» қақпасына соққан. Сондықтан, оны кез келген сәтте «Достардың» бірі басып озуы әбден мүмкін.

Астана біріншілігінің хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу