Главная страница
 |   |   |   |  Астана біріншілігі. «Достар» 10 ойыншымен «Целиноград» қақпасына жауапсыз сегіз гол соқты

Астана біріншілігі. «Достар» 10 ойыншымен «Целиноград» қақпасына жауапсыз сегіз гол соқты

Астана біріншілігі. «Достар» 10 ойыншымен «Целиноград» қақпасына жауапсыз сегіз гол соқты
«Достар» 10 ойыншымен «Целиноград» қақпасына жауапсыз сегіз гол соқты

Елордамыздың ғана емес, әуесқойлар арасында ел чемпионы атанған «Достар» «Целиноградты» қабылдап, қарсылас қақпасына жауапсыз сегіз гол соқты.

Кеше еліміздің басты стадионы «Астана-Аренада» Қала біріншілігінің 17-ші туры аясындағы бір ойын өтті. 

"Достар" – "Целиноград" 8:0 (3:0)

Голдар: Ренат Махатов, 27. Біләл Насыров, 32. Денис Прокопенко, 34. Темірланәлі Бегімбай, 54. Біләл Насыров, 59. Алмат Саржанұлы, 71. Максим Лапин, 74. Максим Лапин, 79.

Ойынның 9-шы минутында Жасұлан Омаров (Д) алаңнан қуылды.

Теміртауда өткен ел біріншілігінде қарсылас шақ келтірмей, Қазақстан чемпионы атанған «Достар» содан кейін екі аптадай үзіліс алған. Тойлады, демалды, қыдырды, отбасыларына көңіл бөлді. Әйтеуір, осы аралықта алаңға шықпаған. Кеше содан бері бірінші рет доп теуіп тұр.

Бірақ сабаздарың сонда да бабында екен. Тоғызыншы минутта ойын ережесін бұзғаны үшін бас төреші Ғалымжан Кенжалинов «Достар» капитаны Жасұлан Омаровты алаңнан қуып, чемпиондар кем құрамда қалды. Алайда, бұл да «Целиноградқа» көмектеспеді.

Бірінші таймда есепті Ренат Махатов ашты. Одан кейін 32-ші минутта Қазақстан біріншілігінің үздік сұрмергені атанған Біләл Насыров таблодағы көрсеткішті еселеді. Арада екі минут өтер-өтпестен таблода 3:0 есебі жарқырап тұрды. Голды соққан Денис Прокопенко.

Қалған голдар үзілістен кейін соғылды. Александр Черников шәкірттері сол күйі естерін жия алмай, қақпаларына тағы бес гол жіберіп алды. Қорытынды есеп – 8:0, «Достар» турнир кестесіндегі көшбасшылықты қолдарына қайтарып алды. Айтпақшы, басты бәсекелестеріне қарағанда екі ойын кем өткізгендері тағы бар.

Астана біріншілігінің турнир кестесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Тізімге қайта оралу