|   |   |   |  "Достар" Қазақстан біріншілігінің чемпионы атанды

"Достар" Қазақстан біріншілігінің чемпионы атанды

"Достар" Қазақстан біріншілігінің чемпионы атанды
"Достар" Қазақстан біріншілігінің чемпион атанды

Теміртауда футболдан әуесқойлар арасындағы Қазақстан біріншілігі мәресіне жетті. Финалда Алматының «Қаскелең» командасын ұтқан елорданың «Достары» ел чемпионы атанды.

Еліміздің барлық аймағының командалары қатысқан Қазақстан біріншілігінің финалында Әділ Шанабаев командасының намысын мына жігіттер қорғады:

Біріншіліктің финалына еліміздің қос мықты командасы кездесті. Астананың «Достары» да, Алматының «Қаскелеңі» де Қазақстандағы теңдессіз командалар. Бұрын-соңды өзара кездеспесе де, жанкүйерлері бұл екеуінің мықтылықтарын сырттай мойындап қойған.

Финалдық ойын тартысты аяқталып, негізгі уақытта жеңімпаз анықталмады. Есеп – 1:1. «Достар» сапынан гол соққан Біләл Насыров. Пенальти сериясында сәттілік мықтылар жағында болды. Роман Гончаров, Сергей Мокров, Ислам Ахметов және Әділ Балғабаев нүктеден гол соғып, 4:3 есебімен ойынды өз пайдаларына аяқтады.

Осылайша «Достар» Қазақстан чемпионы атанып, жыл сайын Еуропада өтетін әуесқойлар арасындағы Чемпиондар лигасының жолдамасын жеңіп алды. Қола жүлде елордамыздың тағы бір командасы «СДЮСШОР»-дың еншісіне бұйырды.

Айтпақшы, біріншілікте 6 гол соққан Біләл Насыров үздік сұрмерген атанса, «Достар» қақпашысы Игорь Черных үздік қақпашы номинациясын жеңіп алды. Осы біріншілікте «Қаскелеңнің» намысын ұлттық құрамамыздың экс-ойыншысы Сергей Остапенко қорғаған. Ол үздік шабуылшы атанды.

Тізімге қайта оралу