Главная страница
 |   |   |   |  «Виктория» командасының қорғаушысы Николай Смирнов – Командаға Роналду сияқты ойнайтын ойыншы аламыз

«Виктория» командасының қорғаушысы Николай Смирнов – Командаға Роналду сияқты ойнайтын ойыншы аламыз

«Виктория» командасының қорғаушысы Николай Смирнов – Командаға Роналду сияқты ойнайтын ойыншы аламыз
«Виктория» командасының қорғаушысы Николай Смирнов – Командаға Роналду сияқты ойнайтын ойыншы аламыз

«Виктория» командасы деген бар. Астана біріншілігінде доп тебеді. Сегіз ойында қарсылас қақпасына небәрі екі-ақ гол соғып, өз қақпаларынан 119 доп алып шыққан.

Өткен демалыста да алдымен «Әулие Атадан» 17 гол жіберсе, келесі күні «Астана-2000» командасынан 0:16 есебімен ойсырай жеңілді. Осы ойындардан кейін «Виктория» қорғаушысы Николай Смироновпен сұхбаттасып, мән-жайды сұраған едік.

– Өкінішке қарай, команда толық құрамда жиналмай жүр. Ірі есеппен жеңілуіміз де соның кесірінен. Дегенмен, жігіттер барын салып жүр. Соңына дейін айқасамыз. Әлбетте, адам аз болған соң кейбір жігіттер алаңда өз позициясында емес, басқа шептерде доп тебуге мәжбүр, - деп бастады Коля.

– «Әулие-Атамен» болған ойында да қақпаларыңызға жауапсыз 17 гол жіберіп алдыңыздар.

– Егер естеріңізде болса, Қала кубогының аясында «Әулие-Атаға» қарсы мүлдем басқаша ойын көрсеткенбіз. Ол кезде команда толық құрамда келіп, бар болғаны 0:6 есебімен ұтылғанбыз. Онда да өзіміз гол соғатын бірнеше мүмкіндіктерді жіберіп алған едік.

– «Виктория» қала біріншілігінде соңғы орында келе жатыр. Бұл қашанға дейін жалғасады?

– Командамыз ұтпайынша осылай бола береді.

– Қашан ұтасыздар?

– Жақын уақытта.

– Ол қашан? Қай командаларды ұтуға шамаларыңыз жетеді?

– Бұл біздің команданың құрамына байланысты болмақ. Осы аптада трансферлік терезені пайдаланып, құрамды күшейтуді ойлап отырмыз.

– Кім келеді, Роналду ма?

– Жоқ, Роналду емес. Бірақ олар да жақсы ойнайды.

– Жалпы, «Викторияның» алға қойып отырған мақсаты не?

– Биыл біз қарымды құрам жинап, бір-бірімізге үйренісуге тырысамыз. Ал келесі маусымнан бастап жоғары орындарға таласамыз.

Тізімге қайта оралу