|   |   |   |  Астана біріншілігі. "Викторияның" антирекорды

Астана біріншілігі. "Викторияның" антирекорды

Астана біріншілігі. "Викторияның" антирекорды
Астана біріншілігі. "Викторияның" антирекорды

Бүгін Астана біріншілігінің аясында барлығы төрт ойын өтіп, көрермендер 40 голдың куәсі болды. Яғни, әр кездесуде орташа есеппен он голдан соғылды.

«Виктория» Астана біріншілігінің антирекордын жаңартудан жалығар емес. Күні бұрын «Әулие-Атадан» жауапсыз 17 гол жіберген аутсайдерлер бүгін «Астана» футбол орталығының 2000 жылғы жеткіншектерімен кездескен. Бірінші таймда-ақ қақпасынан 12 доп алып шығуға мәжбүр болған «Виктория» қақпашысын болашақ «астаналықтар» аяп кетсе керек, үзілістен кейін бар болғаны төрт голмен шектелді. Қорытынды есеп – 16:0. Осы ойыннан кейін «Викторияның» қақпасына жіберген голдарының саны 119-ға жетті. Бұл тұрғыда олар басты бәсекелестері «Лидерден» 72 голға озып кетті.

«Лидердің» өзі бүгін «Астананың» 1999 жылғы жасөспірімдерімен кездескен. 5-ші және 11-ші минуттарда Алдияр Балташ соққан гол Расул Маруа шәкірттерінің сағын сындырып жіберген секілді. Рас, естерін жиып, 28-ші минутта таблодағы көрсеткішті қысқартан. Алайда, одан арыға шамалары жетпеді. Екінші таймда Сергей Гниненко баптайтын «Астана-99» тіптен күшейіп кетті де, ойынды 7:2 есебімен өз пайдаларына аяқтады.

Алма-кезек шабуылдармен өрбіп, бір-бірінің қақпасына кезек-кезек гол соққан «Целинник» пен «Олимп» арасындағы кездесуде бір гол айырмашылығымен соңғылары жеңіске жетті. Рас, бірінші таймда тәжірибелерінің арқасында ардагерлер бір голға артық соғып, 3:2 есебімен алда тұрған. Алайда, екінші таймда шаршап қалды да, ойын тізгінін толығымен «Олимпке» беріп қойды. Қорытынды есеп – 4:3, тартысты текетіресте «Олимп» жеңіске жетті.

Осы демалыс «Зенит» үшін де өте жемісті болды. Сенбінің кешінде «Қуатты» 7:2 есебімен ойсырата ұтқан Илья Меланич шәкірттері бұл жолы «Рузаевканы» 4:2 есебімен тізерлетті. Осы жеңістердің арқасында турнир кестесіндегі жағдайларын жақсартып, 4-орынға көтерілді. 

АСТАНА БІРІНШІЛІГІ

30.07.17 (жексенбі)

Астана-2000 – Виктория 16:0

Астана-99 – Лидер 7:2

Целинник – Олимп 3:4

Зенит – Рузаевка 4:2

Астана біріншілігінің турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу