|   |   |   |  Жасұлан МАНТАЕВ – "Эверест", "Лидер", "Қуат", "Астана сити" деген командалардың болашақтарына күмәнім бар

Жасұлан МАНТАЕВ – "Эверест", "Лидер", "Қуат", "Астана сити" деген командалардың болашақтарына күмәнім бар

Жасұлан МАНТАЕВ – "Эверест", "Лидер", "Қуат", "Астана сити" деген командалардың болашақтарына күмәнім бар
Жасұлан МАНТАЕВ – "Эверест", "Лидер", "Қуат", "Астана сити" деген командалардың болашақтарына күмәнім бар

Былтырғы «Жеңіс» пен «Жебенің» қосындысынан пайда болған «КДЛ Олимп» биылғы маусымның нағыз ортанқол командасына айналды.

Тіпті, аутсайдерлердің өздері де қаймығатындай деңгейге жетті. Дегенмен, команданың бас бапкері Жасұлан Мантаевтың айтуынша, биыл үздіктердің қатарынан көрінуді жоспарлап отыр.

– Жасұлан, командаңыздың биылғы маусымдағы ойындарына қандай баға бересіз?

– Өздеріңіз білесіздер, қысқы маусымда Астана біріншілігінде «Жебе» мен «Жеңіс» деген команда болған. Алғашқысы 14, екіншісі 8-ші орынды иемденген еді. Содан жазғы маусымға бір команда болып шығу туралы келістік. Сондықтан, бұл маусым біз үшін негізінен тәжірибе.

– Демек, екі команданы біріктіру сіздің бастамаңыз ғой?

– Жоқ, менің емес. Маған команданы бастап шығуды сұрады. Мен жаттықтырушы ретінде көмектесіп жатырмын.

– Ал алдарыңызға қандай мақсат қойып отырсыздар?

– Үздік үштікке кіре алмайтын шығармыз. Бестіктен де көрінуіміз екіталай. Бірақ үздік сегіздікке кіруді көздейміз. Бұл біздің қолымыздан келеді деп ойлаймын.

– Маусым алдындағы мандаттық отырыста сіз Астана біріншілігінің екі лигаға бөлінуіне қарсы болдыңыз. Неліктен?

– Өйткені, жаңадан құрылып жатқан «Олимп» үшін үздіктермен ойнап, тәжірибе жинау маңызды болды. «Достар», «Зенит», «Арт Принт» сынды командалармен ойнап көргіміз келді. «Зенитпен» кездестік те. Оларды ұтып, өзіміздің көп нәрсеге әлеуетті екендігімізді дәлелдедік.

– Қазір де екі лигаға бөлінуіне қарсысыз ба?

– Жоқ, қазір керісінше қолдаймын. Өйткені, мықты командалар бір бөлек те, әлсіздер бір бөлек топ болып қалды. Бір-бірімен кездескенде екі цифрлық есептер тіркеліп жатады. Өз ойым, келесі маусымға «Эверест», «Лидер», «Қуат», «Астана сити» деген командалар қатыспайды деп ойлаймын. Олар өз шыңдарына жетті. Қазір-ақ біріншіліктен шығып кетуге дайын жүр.

Жасұлан Мантаевпен болған сұхбаттың толық нұсқасын мына видеода.  


Тізімге қайта оралу