|   |   |   |  Шілденің соңғы демалысында жеті ойын

Шілденің соңғы демалысында жеті ойын

Шілденің соңғы демалысында жеті ойын
Шілденің соңғы демалысында жеті ойын

Осы апта шілденің соңғы демалысында елордалық футболсүйер қауымын Қала біріншілігінің аясындағы жеті ойын күтіп тұр. Барлық матч «Тарлан-Арена» стадионында өтеді.

Сенбіге үш ойын жоспарланған. Тоғызыншы турдың аясында «Астана» футбол орталығының 2000 жылғы жеткіншектері мен біріншілік дебютанты, соңғы кездері ойындарын ала-құла өткізіп жүрген «Лидер» кездеседі. 

Сондай-ақ, өткен турда «Целиноградпен» болған кездесуде күтпеген жерден ұпай жоғалтқан «Әулие-Ата» ашуын біріншіліктің басты аутсайдері «Викториядан» алуға тырысады. 

Ал кешқұрым «Қуат» пен «Зенит» алаңға шығады. Жалпы, Илья Меланич шәкірттеріне ұпай ауадай қажет. Әр тур сайын көшбасшы «Достарды» алыстатып алып жатқан олар «Қуаттан» бөлек жексенбі күні «Рузаевкадан» да үш ұпай алуға тырысады. 

Сонымен қатар, жексенбіде «Астананың» Константин Котов жаттықтыратын 2000 жылғы жеткіншектері «Викториямен» кездессе, «Лидер» Сергей Гниненко баптайтын «Астана» футбол орталығының 1999 жылғы жасөспірімдеріне қарсы алаңға шығады. 

Ал осы аптаның ойындар бағдарламасын ардагерлерден құралған «Целинник» пен «Олимп» қорытындылайды.

АСТАНА БІРІНШІЛІГІ – 2017

Өтетін орны: «Тарлан Арена» стадионы

29 шілде (сенбі)

16.00. АСТАНА-2000 – ЛИДЕР (9-тур)

17.40. АУЛИЕ АТА – ВИКТОРИЯ (9-тур)

19.20. КУАТ – ЗЕНИТ (9-тур)

30 шілде (жексенбі)

10.00. АСТАНА-2000 – ВИКТОРИЯ (8-тур)

11.40. ЗЕНИТ – РУЗАЕВКА (9-тур)

13.20. ЛИДЕР – АСТАНА-99 (8-тур)

15.00. ЦЕЛИННИК – ОЛИМП (8-тур)

Астана біріншілігінің турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу