|   |   |   |  Астана біріншілігі. Техникалық жеңіліс, 50 мың теңге айыппұл және 6 ай дисквалификация

Астана біріншілігі. Техникалық жеңіліс, 50 мың теңге айыппұл және 6 ай дисквалификация

Астана біріншілігі. Техникалық жеңіліс, 50 мың теңге айыппұл және 6 ай дисквалификация
Тәртіптік-бақылау комитеті ашуға мінді

Астана футбол федерациясында Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысы өтіп, Қала біріншілігінің ойындарына байланысты бірқатар шешімдер шығарылды.

АСТАНА-99 – БІРІНШІ ПРЕЗИДЕНТ ҚОРЫ

Қала кубогының 1/8-финалы аясында өткен ойында құрамына тіркелмеген ойыншыны қосқаны үшін «Бірінші Президент қоры» командасына 0:3 есебімен техникалық жеңіліс жазылып, «Астана-99» командасына 3:0 есебімен техникалық жеңіс жазылды. Осы матчта соғылған голдар мен ескерту қағаздары есепке алынбайды.

Шешім 2017 жылдың 25 шілдесінен бастап күшіне енеді.

КДЗ ОЛИМП – ЗЕНИТ

Қала біріншілігінің 7-ші туры аясында өткен ойында құрамына тіркелмеген ойыншыны қосқаны үшін «КДЗ Олимп» командасына 0:3 есебімен техникалық жеңіліс жазылып, «Зенит» командасына 3:0 есебімен техникалық жеңіс жазылды. Осы матчта соғылған голдар мен ескерту қағаздары есепке алынбайды.

Шешім 2017 жылдың 25 шілдесінен бастап күшіне енеді.

ДОСТАР – ЛИДЕР

Қала біріншілігінің 6-шы туры аясында өткен ойында бірінші таймнан кейін матчты жалғастырудан бас тартқаны үшін «Лидер» командасына 50 000 (елу мың) теңге айыппұл салынады.

Шешім 2017 жылдың 25 шілдесінен бастап күшіне енеді.

ДӘУЛЕТ ЕСБЕРГЕНОВ

Астана біріншілігінің Регламентін бұзып, бір күнде Бір лиганың екі командасының сапында ойнағаны үшін «Эверест» командасының ойыншысы Дәулет Есбергенов 6 айға Астана футбол федерациясының аясындағы барлық турнирлерден шеттетілді.

Шешім 2017 жылдың 25 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Тізімге қайта оралу