|   |   |   |  Астана әкімінің кубогы: Ширек финалға шыққан төрт команда анық

Астана әкімінің кубогы: Ширек финалға шыққан төрт команда анық

Астана әкімінің кубогы: Ширек финалға шыққан төрт команда анық
Астана әкімінің кубогы: Ширек финалға шыққан төрт команда анық

Сенбі және жексенбі күндері Елордамыздың Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионында Астана әкімі кубогы 1/8-финалының аясында төрт ойын өтті.

Алғашқы болып ширек финалға жолдама алған – «Әулие-Ата». Маусымның басты аутсайдері «Викториямен» кездескен оңтүстіктің командасы бірінші таймда-ақ қарсыластарының қақпасына жауапсыз төрт гол соғып, үзілістен кейін алаңға негізінен резервтегі жігіттерін шығарды. Соның өзінде «викториялықтар» ірі жеңілістен қашып құтыла алмады. Сәбит Тұрсымбаев пен Әріпжан Құрбанов қос дубльдің авторы атанса, Дәулет Жәкішев пен Азат Өтеушов бір-бір голдан соғып, матч 6:0 есебімен аяқталды.

«Бірінші Президент фонды» 4:1 есебімен күтпеген жерден оп-оңай «Астана» футбол орталығының 1999 жылғы жеткіншектерін ұтты. Бірінші таймда болашақ «астаналықтар» 1:2 есебімен ұтылғанымен өздерінің әлеуетті екендіктерін көрсете білген. Алайда, үзілістен кейін Дидар Сыдықбек бастаған «Қор» жігіттері ойын тізгінін толық өз қолдарына алып, кездесуді 4:1 есебімен өз пайдаларына аяқтады.

Қала чемпионы «Достарға» қарсы «КДЗ Олимп» жігіттері еш қарсылық көрсете алмады. Әр таймда төрт-төрт голдан соққан Әділ Шанабаев шәкірттері «Олимпті» 8:0 есебімен ойсырата ұтты. Ержан Мұхамедин мен Ислам Ахметов екі-екі голдан соқса, қалған төрт голдың авторлары – Әділ Балғабаев, Максим Жалмағамбетов, Туған Хамхоев және Максим Лапин.

Ең тартысты текетірес «Астана Сити» мен «Лидер» арасында өрбіді. Есепті 30-шы минутта «лидерлік» Санжар Шаймерден соққанымен екінші таймның басында Василий Жуков өз қақпасына гол жіберіп алып, ойын 1:1 есебімен аяқталды. Ал пенальти сериясында сәттілік Расул Маруа командасының жағында болды.

Астана әкімі кубогының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу