|   |   |   |  "Достардың" елордадағы ең дөкей команда екендігінің жеті белгісі

"Достардың" елордадағы ең дөкей команда екендігінің жеті белгісі

"Достардың" елордадағы ең дөкей команда екендігінің жеті белгісі
"Достар" – Астананың ең дөкей командасы

Өзін жоғары бағалайтын әр футболшы өз командасын теңдесі жоқ дөкей клуб деп санайды. Дегенмен, шыны керек, көзі қарақты жанкүйер барлығын бірдей мойындай бермейді. Тіпті, әлемге әйгілі «Реал», «Барселона», «Челси» сынды клубтарды да мойындамайтындар жетерлік.

Өзін жоғары бағалайтын әр футболшы өз командасын теңдесі жоқ дөкей клуб деп санайды. Дегенмен, шыны керек, көзі қарақты жанкүйер барлығын бірдей мойындай бермейді. Тіпті, әлемге әйгілі «Реал», «Барселона», «Челси» сынды клубтарды да мойындамайтындар жетерлік. Ал біз сіздерге бүгіе неліктен «Достар» командасының Астана қаласындағы теңдесі жоқ, ең дөкей команда екенін дәлелдеп бермекпіз.

Бірінші себеп. Екі турнирде бір құрам, бір атау.

Астана қаласында бір мезетте бірнеше турнирге қатар қатысатын футболшылар аз емес. Алайда, бір уақытта екі турнирде бір атаумен, бір құраммен қатысатын команда жалғыз. Ол – «Достар». Әділ Шанабаев шәкірттері таңертең футзалдан қала біріншілігіндегі ойынын өткізіп, кешкісін дәл осы құраммен еш қиындықсыз «Астана-Аренада» үлкен футболдағы кездесуін өткізе береді. Айта кету керек, екі жақта да үлгерімі жақсы. Мәселен, осы маусымның соңғы демалысында алдымен өте ауыр ойында «Астана-1964» командасымен тең түсіп, үлкен футболдан «күміс жүлдемен» күптелсе, ертесі күні дәл осы жігіттері футзалдан «қола медальдің» иегерлері атанды.

Екінші себеп. Ең қызуқанды команда.

«Достардың» әр ойыны текетіреске толы, әр допқа таласы қарсыласы үшін қауіпті және әр матчы «сары қағазсыз» бітпейді. Тіпті, ірі есеппен жеңіп жатқан матчтарында да ойыншылары «қызыл қағаз» алып, алаңнан қуылуы әбден мүмкін. «Қай кезде төбелес басталып кетер екен» деген қауіппен жүретінің де жасырын емес. Олардың ойыншысымен алаңда қақтығысып қалдың ба, жарақат алдың дей бер. «Достарға» қарсы ойын ережесін бұзуға да кеңес бермес ем. Өйткені, оларда да өз Пепе, Кьеллини, Рой Кин мен Эрик Кантоналары аз емес. Тіпті, бапкерлер алқасында да қызуқанды жігіттер отыр.


"Достар" – Астана біріншілігінің күміс жүлдегері

Үшінші себеп. Команда Робин Гуд.

«Достардың» қай ойыны қалай аяқталарын біліп болмайсың. Кез-келген көшбасшыны тізерлетіп, кез-келген аутсайдерден ұтылып қалуы да әбден мүмкін. Басқаша айтқанда «Достардың» ойыншыларын Робин Гудтың жолдастары десе де болады. Яғни, мықтының ұпайын тартып алып, әлсіздерге үлестіріп бере салу бұлар үшін түк емес. Мәселен, осы маусымда Әділ Шанабаев шәкірттері «Школьник», «Зенит», «Наша Кампания» сынды командаларды ұтқанымен ортанқол «Астана-98»-ден жеңіліп қалды. Ал №8 МБЖСМОР командасымен болған кездесуде Антон Чичулин соққан голдың арқасында ғана аман қалды.

Бесінші себеп. Ең жұлдызды команда.

«Достар» сапында тек Антон Чичулин ғана емес, еліміздің үш дүркін чемпионы, Қазақстан футболының тарихындағы үздік сұрмергендердің бірі Мұрат Тілешев те доп тебеді. Сондай-ақ, бұрын-соңды кәсіпқой деңгейде футбол ойнаған Тухан Хамхоев, Олжас Сүлейменов, Евгений Кузнецов сынды саңлақтар да осы командада. Өткен жылы «Су-27» атымен танымал Мұрат Сүймағамбетов те «Достарда» ойнады. Биыл Мұрат хаттамада болғанымен негізгі құрамда алаңға шыққан жоқ. Әлбетте, айтпағымыз бұл емес, «Достар» сапында ойнауға Қазақстанның үздік ойыншыларының барлығы ұмтылатындығы еді.

Бесінші себеп. Әрдайым жоғары орындар.

Тұрақтылық – міне, «Достар» жетістіктерінің басты себебі осыда жатыр. Иә, жоғарыда айтып өткеніміздей, Әділ Шанабаев шәкірттері кез-келген аутсайдерге ұпай беріп қоюы мүмкін. Дегенмен, турнир қорытындысы бойынша бәрібір жоғарғы орындардан көрініп жатады. Естуімізше, бұл команда елордада футбол турнирлері құрылмай жатып-ақ пайда болған. Бұрыннан бар ұжым және қай додада болмасын, тек жүлделі орындарға ғана таласады. Бір қызығы, Астана футбол федерациясының аясындағы біріншіліктерде 2014 жылы қала кубогының иегері атанғаннан басқа бір ретте бас жүлдені жеңіп көрмепті.

Алтыншы себеп. Айқын жеңістер.

«Достардың» ойындары футболшыларының көңіл-күйлеріне байланысты. Бірде шөл, бірде көл. Егер шындап кіріссе, кез-келген команданы тізе бүктіріп, ойсыратып тастай алады. Осы орайда айта кетерлігі, қарсыласын ешқашан аяған емес. Шамалары жетіп жатыр ма, жаншып тастауға дейін дайын. Жүрек жоқ, мейірімнен ада команда. Сенбейсіз бе? Ендеше Астана қаласының қысқы біріншілігін тағы бір рет еске алыңыз. №8 МБЖСМОР-1998 командасын 6:0 есебімен ойсыратты, №8 МБЖСМОР-2000 командасын 6:1 есебімен түгін қоймады. «Целиникті» де алты гол айырмашылығымен ұтып, «Наша Кампанияны» 5:1 нәтижесімен есеңгіретті. «Достардың» «мейірімсіздігіне» байланысты тағы қандай дәлел керек?

Жетінші себеп. Шиеленісті сақтай біледі

Сонымен, «Достардың» ең дөкей команда екендінің соңғы себебі. Олар турнирдегі шиеленісті соңына дейін сақтай біледі. Сонысы үшін де ерекше алғыс білдіруіміз қажет. Соңғы турда Әділ Шанабаев шәкірттері «Астана-1964»-тен ұтылып жатты. Ешкім оларды ойын барысын өзгерте алады деп ойлаған жоқ. Сенбеді. Бірақ, «Достар» тек есепті теңестіріп қана қойған жоқ, соңғы минутта жеңісті жұлып алуға мүмкіндігі болды. Алайда, пенальти соға алмай, қара басты. Иә, чемпиондықты өз қолдарымен басты қарсыласына тарту ету тек «Достардың» ғана қолынан келеді.

Бізбен бірге болыңыздар. Келесі жолы біз неліктен елордалықтар үшін ең жақын команда «Астана-1964» болуы екендігінің жеті себебін тізіп береміз.

Тізімге қайта оралу