|   |   |   |  "Ардагерлер" "Астана" жасөспірімдерін тізе бүктірді

"Ардагерлер" "Астана" жасөспірімдерін тізе бүктірді

Кеше кешкісін елордамыздың «Астана-Арена» стадионында «Целинник» пен «Астана-1999» командалары арасында қала біріншілігінің 5-туры аясындағы матч өтіп, 4:2 есебімен «ардагерлер» жеңіске жетті.

Астана-99 – Целинник 2:4

Голдар: Арман Ізбасаров, 5. Данияр Өмірзақов, 70 – Сапар Қарынбаев, 33. Марат Иванов, 35. Тимур Шоданов, 55. Евгений Калыков, 72.

Арман Ізбасаров ойынның 5-ші минутында пенальтиден есеп ашқаннан кейін «Астана-99» жасөспірімдері жеңісті енді бермейтін шығар деп ойлағанбыз. Өйткені, бастапқы қарқындары мықты болатын. «Ардагерлерден» әлдеқайда жылдам олар қолды-аяққа тұрмайтын шапшаңдықтарымен «Целинник» ойыншыларының бастарын айналдырды. Дегенмен, көп ұазамай әуселесі белгілі болып қалды. Қанша жерден допты сүйреп, әрі де, бері де пас лақтыра бергендерімен қақпаға соққы жасаулары қиын екен. Ал «ардагерлер» 33 және 35-ші минуттарда екі гол соғып, үзіліске дейін-ақ алға шықты.

Екінші тайм да дәл осындай сценарий бойынша жалғасты. Жасөспірімдер допты қанша жерден бақылауларында ұстағандарымен қарсыластың қорғанысы сауатты ойнады. Бұл таймда да дәл осынша гол соғылып, таблода 4:2 есебі тіркелді.

Қала біріншілігінің турнир кестесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Тізімге қайта оралу