|   |   |   |  Тілешев Астанада доп теуіп жүр

Тілешев Астанада доп теуіп жүр

Тілешев Астанада доп теуіп жүр
Мұрат Тілешев "Достарға" пенальти әперді

Біреулерге шаттық, біреулерге өкініш сыйлаған қала біріншілігінің 6-7 турлары голға өте бай болды. Фавориттер мен аутсайдерлер өзара кездескендіктен бе, ойындардың басым бөлігі ірі есеппен аяқталды.

Бұл демалыстың орталық ойыны «Астана-1964» пен «Достар» арасында өтуі тиіс болатын. Екі команда да турнир кестесінің жоғарғы жағында орналасқан. Құрамдарында қарымды футболшылар жеткілікті. Мәселен, «Астана-1964» сапында Дидар Сыдықбек ойқастап жүр. Бір кездері еліміздегі ең дарынды жастардың бірі болған. 

Ал «Достардың» құрамына, тіпті Премьер-лигадағы командалардың өздері де қызығады. Еліміздің екі дүркін чемпионы Антон Чичулин мен үш дүркін чемпион Мұрат Тілешев те осында. Бірақ осы жолы екеуі де «Достарына» көмектесе алмады. Шабуылда ширақ қимылдап, қорғаныста сауатты ойнаған «астаналықтар» 4:1 есебімен жеңіске жетті.

- Қала біріншілігінде мықты командалар өте көп. Бірақ, меніңше, осы жылы бірінші орын «Астана-1964» командасына бұйырады. Құрамына шебер ойыншыларды жинаған қарымды команда екен, қарсы тұру қиын болды, - деп матчтан кейін «Достардың» лидерлерінің бірі Антон Чичулин қарсыластарының мықтылығын мойындады.


«Тазы ашуын тырнадан алады» демекші, басты бәсекелестерінің бірінен оңбай жеңілген «Достар» ертеңінде «Целинниктің» түгін қоймады. Төрешінің алғашқы ысқырығы естіле салысымен шабуылға лап қойған олар елорда ардагерлерінен жасақталған команданы 9:3 есебімен ойсырата жеңді. Сондай-ақ, алты гол айырмасымен «Школьник» те қарсыласын қапы қалдырды. Олар сенбі күні «Целиноградпен» кездескен: 8:2 есебімен ұтты. Ал жексенбіде «СДЮСШОР №8-1997» командасын 6:0 есебімен тентіретті.


Ең қызықты ойындар бізді келесі турда күтіп тұрған тәрізді. «Достар» «Наша Кампаниямен» кездессе, «Астана-1964» пен «Школьник» тартысады. Міне, чемпиондықтың тағдыры да осы кездесуде шешіліп қалуы әбден мүмкін.


    "Школьник" командасы да чемпиондықтан дәмелі

    Астана қаласының қысқы біріншілігі

    6-тур (16 қаңтар)

    СДЮСШОР №8-1998 – Зенит 0:5

    Art Print – Астана-98 1:4

    Школьник – Целиноград 8:2

    СДЮСШОР №8-2000 – Целинник 0:2


    7-тур (17 қаңтар)

    Астана-99 – Астана-1964 0:5

    Достар – Целинник 9:3

    Школьник – СДЮСШОР №8-1997 6:0

    Астана-98 – Целиноград 1:0

    СДЮСШОР №8-2000 – Наша Кампания 0:6

        Астана-1964 – Достар 4:1

Қала біріншілігінің 7-турдан кейінгі турнир кестесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Тізімге қайта оралу