|   |   |   |  "Школьник" "Достарды" "ямайкалатты"

"Школьник" "Достарды" "ямайкалатты"

Астана біріншілігінің 3-тур ойындары басталды. Алаңда маусымның қос фавориті «Школьник» пен «Достар» кездесіп, ойын 5:0 есебімен аяқталды.

Қысқы маусымда «Достар» чемпиондыққа жарты қарыс жетпей, күміспен күптелген. Ал «Школьник» қоланы қанағат қылған. Сондықтан, бұл кездесуде осындай есеп тіркеледі деп ешкім де ойламаса керек. Кім де болса, тартысты текетірес күткен. Бірақ, команда тізгінін өз қолына жас бапкер Максим Жалмағамбетов ұстағалы «Школьниктің» ойыны бұрынғыдан бетер құлпырып кетті.  Маусымның тұсаукесер кездесуінде «Целиноградты» 4:0 есебімен ойсыратқан. Одан кейін «Астана-98» командасын 4:2 нәтижесімен тізе бүктірді. Енді «Достарды» «ямайкалатып» жіберді.

Есепті алдымен Ислам Ахметов ашты. Соңғы матчтарда гол соғу міндетін өз құзыретіне алған шабуылшы бұл жолы да қақпа саңылауын дәл тапты. Одан кейін Байқоңыр Ыдырысов есепті еселеп, үзіліске командадар 2:0 есебімен аттанды.

Екінші тайм да «барселоналықтардың» қарқынды шабуылымен басталды да, а-ля Левандовский стилінде гол соққан Ыдырысов дубль авторы атанды. Одан кейін Әнуар Төкенов пенальтиді дәл орындаса, Қазбек Ермекбаев матчты қорытындылады.

Школьник – Достар 5:0

Голдар: Ислам Ахметов, 8. Байқоңыр Ыдырысов, 21. 41. Әнуар Төкенов, 68. Қазбек Ермекбаев, 75.

Біріншіліктің турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу