|   |   |   |  "Школьник" көшбасшылар қатарына қосылды

"Школьник" көшбасшылар қатарына қосылды

"Школьник" көшбасшылар қатарына қосылды
"Школьник" те көшбасшылар қатарына қосылды

Бүгін «Астана-Аренада» қала біріншілігінің екінші туры аясындағы «Школьник» – «Астана-98» кездесуі өтіп, алғашқылары 4:2 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші таймда «Астана-98» командасы таңғалдырды. Азулы қарсыластарынан еш қаймыққан жоқ. Тіпті, кейбір сәттерде «Школьниктен» мықтырақ болғанын да айта кету керек. 11-минутта «барселоналық» Ислам Ахметовтың баспен соққан голына көп созбай, өздері де тура сондай голмен жауап қайтарды. 15-минутта оң қапталдан әуеле асырылған пасты баспен қадаған Рауан Төлеубаев еді.

Бірінші тайм тең аяқталғанымен үзілістен кейін «Школьник» ойыншылары тайлы-тұяғымен шабуылға көшті де, төрешінің ысқырығы естіле салысымен Ислам Ахметов дубль авторы атанды. Одан кейін команда капитаны Әнуар Төкенов пен екінші таймда алаңға шыққан Дамир Тұрғанбаев бір-бір голдан соғып, таблодағы көрсеткішті 4:1-ге жеткізді.

Алайда, «Астана» футбол орталығының жеткіншектері жеңісті оңай бере салған жоқ. Ойынның 75-минутында Жасұлан Құсайын ойын ережесін бұзып, бас төреші Ғалымжан Кенжалинов пенальти белгіледі. Бұл пікірмен келіспей, төрешінің атына ғайбат сөздер бағыттаған Ринат Сихымбаев алаңнан қуылған. Ал Бейбарыс Байтөков 11 метрден мүлт кеткен жоқ. Қорытынды есеп – 4:2, «Школьник» осы біріншіліліктегі екінші кездесуінде де жеңіске жетті.

Тізімге қайта оралу